IQala қызметтерін алудың нұсқаулықтары бар Telegram-бот құрылды

IQala қалалық қызметтер орталығының ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты ең көп талап етілетін қызметтері бойынша нұсқаулықтарды ұсыну үшін «IQalakz» Telegram-боты құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл орталық «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «Clean city NC» ЖШС, «SPK Astana Development» ЖШС, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ және т.б. ұйымдардың 131 қалалық қызмет түрін ұсынады. Елорда тұрғындары www.iqala.kz порталы арқылы қызметтерді онлайн режимде ала алады. Естеріңізге сала кетейік, iQala қалалық қызмет көрсету орталығы жұмыс күндері сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайы бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ орталық операторлары «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25 және Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1 мекенжайындағы фронт-кеңселерде қызмет көрсетеді.