Өңір өрісі Жастар жылына бағытталған жарқын жоба

   Жастар жылына орай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды дамытуға республикалық бюджеттен 329 жасқа қайтарымсыз грант ретінде 166,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновөциялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебеков және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбековтің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Одан бөлек, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 3 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік грант беруге облыстық бюджеттен 303 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері ұсынатын құжаттар тізімі Тараз қаласы мен аудандарға жолданып, жергілікті жерлердегі «Жастар ресурстық орталықтары» грант беру механизмдері бойынша толық ақпараттандырылды.

Сондай ақ, «Бизнестің жол картасы» бағдарласамы аясында жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантқа Республикалық бюджеттен жиырма бір млн. Теңге бөлінді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы Қазақстан Ремспублика Президентінің «Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы  өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

 

 

Бөрі Сұлтан