Іргелі кәсіпорындағы игілікті шара

Зауыт өнімін тұтынушы негізінен қазақстандық өндіріс орындары болғанымен Тәжікстан, Ресей және соңғы кездері Монғолия секілді мемлекеттерге де жіберілуде.
Бұдан басқа да сұраныстар көптеп түсуде.
Серіктестік қазір жылына 15 мың тонна натрий цианидін және оған қосымша 5 мың тонна аммоний сульфатын шығарады. Зауыт өніміне деген нарық­тағы сұраныстың өсуіне байланысты тағы да жылына 15 мың тонна натрий циани­дін шығаратын екінші кезе­ңін қолға алуды көздеп отыр.
582 адам еңбек ететін осы кәсіпорын химиктер күні мерекесін жан-жақты атап өтті. Әсіресе, спорттың 5 тү­рінен командалық және жекелей біріншіліктер ұйым­дастырылу барысына ұжым мүшелері белсене атсалысты.
Бас жүлдені 12 команда сарапқа салды. Әр команда құрамындағы 8 ер және 5 әйел кісілер кедергілермен жүгіру, гір тасын көтеру, дартс, турникке тартылу және арқан тарту сынды спорт түрлерінен сынға түсті.
Аса тартысты әрі қызықты өткен бәсеке барысында командалық есепте «ПСКиЦН» цехы бас жүлдеге ие болса, «ОМТСиОС» цехы-екінші орынды еншіледі. Ал, үшінші орынға табан тіреген «ЭНЦ» цехы жүлдегерлер құрамын түйіндеді.
Барлық жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінген командалар мен жеке спортшыларға өндіріс орның бас директоры Қанат Еркебаев марапаттады.

Дүйсен Молдақұлов, «Talas tynysy».