ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

✅ 2022 жылдың 30 сәуір күні Сарыкемер ауылындағы Ж.Үшкемпіров спорт ғимаратының күрес залында аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданының Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өткізілді.
✅ Іріктеу жарысының нәтижесі бойынша жүлделі ІІІ орынды Сарыкемер ауылынан келген Әбілда Еркебұлан, жүлделі ІІ орынды Бурыл ауылынан Сатенов Даурен жеңіп алса, Бәйтерек ауылдық округі Қусақ ауылынан сынға түскен Жұмалиев Пашалы бас жүлдені иеленіп, үстіміздегі жылдың мамыр айында Тараз қаласында өтетін Жамбыл облысының іріктеу жарыстарына берілетін жолдамаға ие болды.
Байзақ ауданы