Исатай мен Махамбет алаңы жаңартылады

Атырауда Исатай мен Махамбет алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.   Жөндеу жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.
Бүгінгі күнде алаң түгел қоршалып, жұмысшылар ескі жабдықтарды алуда. Жобаның мақсаты, өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың қаржыландырылуымен, барлық ескіргендерді жаңарту болып табылады.


-«Қазіргі таңда Исатай мен Махамбет ескерткіші қайта жаңартылады. Сонымен қатар алаға  алты бассейн және субұрқақ орнатылады. Мраморлық домбыра түріндегі архитектуралық композиция тұрғызылып, алтын түстес әшекейлермен безендіріліп, сәулеттік көріністер орнатылатын болады. Алаң қайта жөндеуден кейін қаланың әдемі жерлерінің бірі болмақ» — дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының жобалау-сметалық құжаттамасы бөлімінің басшысы Ақтілек Мұсағалиев.
Сонымен келесі жылы орталық алаң көркейтілген, әдемі гүлзарлары бар, жасыл желегі жайқалған ғажайып алаңға айналады. Аудан аумағына екі ауқымды архитектуралық композиция мен орындықтар орнатылады. Тұрғындар мен қонақтардың демалуына жағдайлар жасалатын болады.

               Атырау облысы Өңірлік коммуниккациялар қызметі