Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасынан:

▪️Отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар әзірленіп жатыр.
▪️Биылғы 10 айда кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған.
▪️Бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
▪️Заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 кг синтетикалық түрлерін тәркіледі.
▪️36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылды, есірткілерді жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды.
▪️Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылға арналған Кешенді жоспар әзірленіп жатыр.
▪️«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заң әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
❗️ Кездесу соңында Мемлекет басшысы елімізде азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
_________________________________________
Из доклада министра внутренних дел Марата Ахметжанова, представленного Главе государства:
▪️Разрабатывается комплекс мер по усилению ответственности за совершение насилия в семейно-бытовой сфере.
▪️За 10 месяцев текущего года было снижено убийств, изнасилований, разбоев, грабежей, скотокрадств, а также преступлений, совершенных ранее судимыми, в состоянии опьянения и в семейно-бытовой сфере.
▪️Пресечена деятельность 33 ОПГ, специализировавшихся на вымогательствах, торговле людьми, незаконном обороте оружия, наркотиков и других преступлениях.
▪️Из незаконного оборота изъято порядка 12 тонн наркотиков, в том числе 212 кг синтетических видов.
▪️Ликвидированы 36 нарколабораторий и 43 наркоканала, заблокировано 1900 сайтов с рекламой наркотиков.
▪️Разрабатывается Комплексный план по борьбе с наркоманией и наркобизнесом на трехлетний период.
▪️Ведется работа по разработке отдельного Закона «О противодействии торговле людьми».
❗️ По итогам встречи Глава государства поставил ряд конкретных задач по обеспечению безопасности граждан и правопорядка в стране.

t.me/bort_01