Ислам – ғылым діні
1) Даһили (ішкі) – бұл қазіргі мектеп-интернаттарға ұқсас ке-леді. Онда жағдайлары нашар отбасылардың балалары, алыстан келгендер және шетелдіктер оқыды.
2) Харижи (сыртқы) – бұл кә-дімгі оқу орындары секілді. Онда білім алушы таңертең сабағына барып, біткен соң үйіне қайтады. Бұл оқыту жүйесінің екі түрінде де оқу ақысыз болды. Әрбір оқу орнында мешіт, аудиториялар, оқушылар бөлмелері, кітапхана, асхана, дәретхана, әжетхана болды. Ал кейбір оқу орындарында спорт алаңдары қоса салынған. Бұл оқу ғимараттарында жоғары дәрежелі ғалым ұстаздарға емтихан тапсырып рұқсат ал-ғандар ғана сабақ беретін. Мұсылман басшыларының, бай-ларының, саудагерлерінің жаңа ғимараттар салуына көмек бе-рулері нәтижесінде оқу орын-дары көбейді. Алғашқы кезде оқытушыларға еңбекақы төлен-беді. Бірақ бертін келе білім алу орындары көбейіп, өркендеген кезде оқытушылар еңбекақымен қамтамасыз етілді.
Әрбір мәдениет бір ғана халықтың не бір ғана ұлттың өнері болып есептеледі. Және оны жасаушы ұлт өкілін ғана мақтан тұта алады. Ислам мәдениеті – иісі мұсылман бауырлардың қолымен жасалған көпке ортақ мәдениет. Ислам мәдениетін діннен бөлек алып қарауға болмайды. Ислам дін мен ғылымды егіз тұжырымға санайды. Ал христиан ғылымды дамыту орнына көптеген ғалымдарды инквизиция сотымен тірідей отқа өртеді, соның салдарынан Еуропада ғылым кеш дамыды. Дін мен шіркеу Еуропа құрлығындағы түгел өркениеттің жолын бөгеген кертартпа қара күштер ретінде өмір бақи өшпес қара таңбамен танылып қалды.
Исламнан бұрынғы халықтар қол жеткізген ғылыми жетістіктердің болғаны рас. Мұсылмандар қысқа мерзімде-ақ оларды меңгеріп, иманнан алған күш-қуаттың ар-қасында есепсіз жаңалықтардың бетін ашты. Олардың еңбегінің қызығын бұл күні күллі адамзат көруде. Әсіресе, мұсылман еместер көбірек көруде. Ислам ғалымдары шұғылданбаған, үлес қоспаған ғылым саласы жоққа тән. Мұсыл-ман саяхатшылар қалдырған мәліметтер мен карталар арқылы Ертіс және Енесей өзендерінің жоғарғы аңғары мен Корея жағалауына дейінгі мекендер тарихта жазулы қалды. Мәселен, 1368 жылы қайтыс болған белгілі саяхатшы Ибн Батутта сонау Зайтун (қазіргі Гонконг) аймағына шейін барғанын, атал-мыш аймақтың дүниежүзіндегі ең үлкен теңіз порты екенін, 100-ден астам үлкен кеме мен сансыз кішігірім кемелер тұрақтайтынын, осы ғаламат сауда өнер кешендері шалғай таулардан теңіздер арқылы тасымалданғанын жазған (http://www. bilimtarihi. gen. tr).
Аббаситтер халифаты тұсында Ислам ғұламалары көне грек, парсы және басқа тiлдердегi жазба еңбектердi, оның iшiнде антикалық мәдениеттi бiржолата жойылып кетуден сақтап қалды.
Бiр кездерi бiздiң ата-баба-ларымыз осы араб тiлi арқылы өз еңбектерiн жазды әрi көпшiлiкке таратты. Махмуд Қашқари араб тілінде жазылған «Диуани лұғаты әт-түрік» кiтабында бұрынғы түркi халықтарының әрiптiк таңбалары 18 болғанын және кейбiр түркi тайпалары оған қосымша белгiлердi қосып, әрiптер саны 25-26-ға жеткенiн жазды. Әбул-Хасанат Мәуләуи Әбдул-Хай Марғұланидiң шариғат заңдары туралы жазылып, Қазақстан мен Орта Азияға кейiн-нен тараған «Әл-хидая» кiтабын ағылшындар төл тiлiне аударып, жанұя қатынастары бойынша заңның баптарына пайдаланған. Қазiр ол кiтап ағылшын тілінен орыс тiлiне аударылып баспадан шықты.
Діни философия бойынша алғашқы еңбектер һижраның 300 жылында жазылған. Ислам философиясының көшбасшысы Әл-Кинди осы жылдары, яғни 1100 жыл бұрын еңбектерін қалдырған. Еуропа жер шары дөңгелек екендігіне көздері анық жетпей әлі ХVІІІ ғасырда бастарын қатырып дауласып жүргенде, Ислам ғұламалары бұл мәселені VІІІ ғасырда, халифа Харун Рашид тұсында зерттеп қойған еді. Бағдат шаһарының сыртындағы Нисфун-Нәһәр деген жерде әртүрлі сызықтар мен өлшеулер жасап, жер шар тәрізді дөңгелек деп қортынды жасады. Куба аралын тапқан Кристофор Колумб бұл пікірді ауадан алған жоқ. Ол жердің дөңгелек екендігін Аверроистан естідім деп жазған. Мұсылман ғалымы Ибн Рушдті Еуропа осылай атайтын.
Токио обсерваториясының директоры танымал ғұлама Ешиди Коган халықаралық кон-ференцияда: «Мен әлем сырла-рының құпиясын зерттеудің жаңа әдісін таптым, ол – Құран оқу. Құранды оқыңыз, ол сізге толықтай ғаламның сырын ашады», – деген. Ал Американың эмбриология және адам жаратылысы туралы ғылымдарының докторы Кейт Мор «Адам жаратылысы» деген кітап жазды. Оған араб ғалымдары: «Сіздің осы кітаптағы келтірген пікірлеріңіз Құран мен хадиске өте сәйкес келеді. Егер сіз келіссеңіз, біз оны аят-хадистермен байытып және толықтырып, жаңадан бастыртып шығарар едік», – деген. Ол келісті, нәтижеде айтқандай етіп, «Адамның жаралуы Құран мен медицина арасында» деген атпен жарық көрді. Құран аяттары жылма-жыл өмір заңдылықтарымен дәлелдене түсуде.
Еуропа ғылымды мұсылман елдерінен, яғни шығыстан үй-ренді. Еуропаның ренессансы 1300 жылдары басталған. Неге? Өйткені бұл уақытта олар Испан жеріндегі Андалусия Ислам мемлекетінің мәдениетімен және кресшілер жорығы нәтижесінде шығыстағы араб жерлеріндегі өркениетпен танысты. Хазірет Осман (р.а.) халифалық құрған кезде, жолаушылар, әлсіздер, кейбір зәру жандар дәм татып кетсін деп, мешіттердің алдында ас пісіртіп, қоғамдық орындар жарық болып тұрсын деп, арнайы шырақ жақтырып қоятын. Бұл әдет кейін де жалғасын тапты. Миллиондаған халық өмір сүрген Кордова қаласының көшелері түн мезгілдерінде жарықпен қамтамасыз етіліп, қала халқы арнайы төселген асфальтпен қатынады. Ал Еуропаның қала-лары қалың батпақ пен ұйыққа малтығып, бас көтере алмай жатты. Мұсылмандық мәдениетпен танысу Еуропаны ғасырлар бойғы қалың ұйқысынан оятты, қозғау салды. Батыстың кейбір ғалымдары «Орта ғасырларда кейбір Еуропа билеушілері өз аттарын дұрыстап жаза алмай жүргенде, Кордовада мұсылман балалары медреселерде оқып жатты» деп жазған. Осы таныстықтың игі нәтижесінде 1425 жылы Италияда жарыққа шық-қан медициналық анықтамалықта Еуропа дәрігерлерінің сыйынған пірі Галенге сілтеме 130, ал Исламның ғұлама ғалымы, медицинаның атасы Ибн Синаға 3000-нан астам, ал Еуропа Разец деп атайтын Әбу Бәкір Разиға 1700 сілтеме бар. Кордовада жүздеген кітапханалар болып, оның орталық кітапханасында жинақталған кітаптар каталогы 44 томға жеткен.
Бағдат қаласын Әлеуке ханның қолы қиратқанда, көпшілік пайдалануы үшін жасақтап қойылған Сабур сарайындағы 200 мыңдық кітапхана қоры Евфрат өзеніне тоғытылғанын тарихшы Ибн Туғрыберді жазды. Медицина саласында Бағдатта жоғары деңгейде 6000 студентті тәрбиелейтін оқу орны болды. Әрбір әзірленген дәрігерге бір көмекшіден бекітіліп берілді. Еуропа кейбір алапес сырқатына шалдыққан жандарды өртеп жатты, ал мұсылман елдері оларды жеке орындарда емдеп, мәңгілікке мемлекет қарауына алып отырды. Сахаралық халықтар дәрігерлік көмектен тыс қалмауы үшін арнайы жасақталған керуендер шығарды. Тіпті кейде бір бейшаралар ақшасы болмай, дәрігердің көмегін уақытында алып тұрарлық қолтаңба өздерінде болсын деген оймен алғашқы дәрігерлік көмек туралы анықтамалық кітап әзір етілді.
Сағат жасау өнеркәсібі де мұсылмандардың намаз уақытын белгілеу қажеттілігінен туындаған, олар 800 жылдан бұрын алғашқы сағатты жасап шығарды. Франция патшасы Шарлманға Бағдаттың халифасы Һарун Рашид ағаштан жасалған сағат тарту етті. Жер бетінде бірінші рет Бағдатта обсерватория салынды. Қазіргі әлемнің бұрыш-бұрышын шарлап, енді ғана көзі ашылып жатқан ғалымдар өздерінің осы жетістіктері үшін Ибн Һайсамға қаншалық қарыздар! Ол ресми ойыс айна, дөңес айна деп аталған телескоп жасау өнеркәсібінде қолданылатын өте құнды теорияның авторы. Бірақ осынша нәрсе ғылым жолын кең ашқан Құранның арқасында ғана мүмкін болды. Ислам діні осылайша ғылым мен мәдениетке орасан зор үлес қосты, әлі күнге дейін өз үлесін қосуда (ХХІ ғасыр: Білім беру және руханият мәселелері: ғылыми еңбектер жинағы).
Орайы келген соң, кейбір мұсылман жағрапияшылары мен еңбектерін атап кетейік Ибн Хурдадбих (820/886/912) «Китап әл-Мәсалик уәл мәмәлик», Сүлеймен әл-Тәджир (ІХ ғ.) «Ахбар әл-Син уәл Хинд», Әбу Әли Ахмет Рүстехұлы (ө. 913) «Муруж әл-Зәхаб уә Мағадин әл-Жауһар», Ибн әл-Нәдим (ө. 995) «әл-Фихрист», Әбу Абдуллаһ Мұхаммед әл-Идриси (1100-1166) «Китап Нұсхат әл-Мұштақ фи Ихтирақ әл-Афақ», Закария әл-Қазуини (1203-1283) «Ажайиб әл-Махлуқат және Ғараиб әл-Маужудат», (Махлуқаттың ғажайыптары және қоршаған ортаның ғарып жағдайлары), Ибн Сағит (1214-1286) «Китап әл-Жуғрафия фи ақалим әс-Сәбға», Әбүл Фида (1273-1331) «Китап әл-Мухтасар фи ақбар әл-Башар», «Тақуим әл-Булдан», Димашқи (ө. 1317) «Китап Нухабат әл-Дахр фи Ажайб әл-Барр әл-Бахр», Шәхауиддин Ахмет әл-Нуайыри (ө. 1332) «Нихаят әл-Араб фи Фунун әл-Адаб» (Әдеп пәндеріндегі арабтардың шегі), Абдуррахман Әбу Зайд Халдұнұлы (1332-1406) «Китап әл-Ибар», әл-Махризи (1365-1442) «әл-Мауағиз уәл Итибар фи Зикр әл-Хитат уәл Асар», Ибн әл-Бақун (ХV ғ.) «Китап әл-Фауаид фи Усул әл-Бахр уә Қауид», Әбул Фазыл (1655-1602) «Ғаини Ахбари», Бадауни (1540-1615) «Тарихи Әлфи», «Мунтахаб әт-Тауарих» (Бұхари, Саум, 13 б. Мүслим, Сиям, 47-б.).
Сыр бойы мен Жетісу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың орны мұ-сылман авторларының еңбектері-нің арқасында табылып, ашылды. Тариф, магазин секілді мыңдаған терминдер мен сөздердің Еуропа тілдеріне кіруі мұсылмандардың ғылымда қаншалықты жоғары болғанын паш ететін тірі айғақтар. Мұсылман билігі орнаған өңірлерде ғылымның жұлдызы жарқырағаны туралы Батыс авторлары емірене жазады. Қысқа қайырып айтқанда, басқа наным-сенімдердің әу бастан ғылыммен айқасатыны, ақылға сыймайтын нәрселерді үгіттейтіні кең тарауына жол бермеді. Бұл әрқашан да солай бола бермек. Құран кәрімнің тілі әдебиетшілер, тіл мамандарын, көпшілік пен жеке адамдардың рухын баурайтын қасиеттері психологтарды, со-циологтарды; барша ғылымның сырын шешетін аяттары басқа салалардағы ғылымдарды таң-дандыруда. Құран кәрімді, яғни Раббымыздың сөзін оқып түсінуге, одан мүмкіндігінше нәр алуға ұмтылғанымыз абзал. Онда сұрақ атаулының бәріне жауап табуға болады. Осы орайда Құранның ғылымды және ғылымның Құранды растағанын бір мысалмен де болса атап кетейік. Кітап атаулының анасы адамның жаратылысындағы хикметтер мен жаратылыс сатылары туралы терең мағыналы сөйлемдер келтіреді. «Сендерді аналарыңның құрсағында үш қараңғылықта жаратылыстан жаратылысқа жеткізіп, жаратуда!», – делінген аят бар (39-сүре, 6-аят).
Ал енді адам анатомиясын оқып көрейік, «жатыр қабырғасы негізгі үш қабаттан тұрады. Бірінші, сыртқы қабат perimetrium, бұл жатырмен бірігіп, оның сироз қабықшасын, tunica serosa түзетін висцеральді іш астар. Ортаңғы қабат, muometrium, бұл бұлшық етті қабықша. Үшінші ішкі қабат endometrium, бұл шырышты қабықша». Осы үш қабат та болашақ нәрестені сыртқы соққылардан қорғайтын, жарық өткізбейтін, суға толған қабықтан (ткань) жасалған. Құранның үш қараңғылық дегенін ғылым енді ғана анықтап, оның хақтығын тағы да бір рет мойындауда (Морис Букаи, Тора, Евангелие и Коран в свете современных научных зна-ний, Москва, 2000)!
Құрандағы осы мағынасы өте анық, сенімділігі өте мығым аяттар-ақ оның адамның емес, Раббымыздың сөзі екендігін дәлелдейді. Құран кәрім түскелі бері өткен он төрт ғасыр бойы ешкім оның теңдесін жасай алмай қауқарсыздық танытқаны мәселенің нақты тарихи дәлелі.
Кейбір атеист ғалымдар «Ислам ғылымның өркендеуіне шектеу жасады» деген дәйексіз, жалған пікірлерді айтады. Керісінше Ислам дінінің өмірге келуімен ғылым мен философияның әлемге танылғандығын бүкіл әлем ғалымдары мойындап қана қоймай, дәлелдеп те бергеніне тарих куә.
Осындай үлкен топтың арасынан ерекше орын алатын ғалымдардың бірі – Қазақстандағы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар қаласында дүниеге келген Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Тархан әл-Фараби. Ол көптеген ғылымдарға үлес қосып, 128-дей еңбек жазды.
Фараби ғұмыр кешкен заман Шығыс елінің оянуға бет алған өзгерістер мен өрлеу дәуірі болатын. Бұл кез арабтың әдеби тілі биік дәрежеге ие болып, мұсылман елдеріне кең қанат жая дамыған кезі еді. Көптеген халықтардан шыққан ұлы ғұламалар, данышпан ақын-жазушылар өз еңбектерін араб тілінде жазып қалдырды. Сөйтіп араб мәдениетін өркендетуге мұсылман дініндегі халықтар түгел қатысып, ұлы мәдениет жасады. Ғылым, өнер, математика, философия, медицина, астрономия, физика, химия өркендеді. Араб тілінде дамыған мәдениет үлгілері кешеуілдеген Еуропа мәдениетінің қарыштап өркендеуіне үлкен ықпал жасады. Фарабиге жалғаса, жаңа ғылымдардың шығуымен ғылым мен әдебиет тағы да өрледі. Әбу Али Сина (Авицена), әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Омар Хаям, Насриддин Гуси, Исмайл Джаухари, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, т.б. түркі тектес елдерден шыққан дана адамдар дүниеге келді. Осылайша білім-ғылым, өнер ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалғасып, дамылсыз даму үстінде болды. ХІІ ғасырға дейінгі Шығыс өркениеті басқа елдерге үлгі-өнеге берерлік биік сатыға жетті. Сол өскелең өнер-білімнің асқар белін әл-Фараби еңбектері танытады. Олар: «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Жұлдыз бойынша болжамдар», «Вакуди туралы трактат», Платон, Аристотель, Птомолей, Ломей, Порфирий еңбектеріне түсініктер (http://www. bilimtarihi. gen. tr).
Әл-Фараби 870 жылы дүниеге келген. Алғашқы дәрісті туған жерінде алады. Сол кездегі араб мәдениетінің орталығына айналған Бағдат қаласында көп жылдар бойы жатпай-тұрмай оқып, зерттеу жұмысын жүргізген. Ол ежелгі грек ғұламаларының, әсіресе Платонның жазған еңбектерін терең түсініп оқыған. Кейінірек Сирияда біраз жұмыс істеген. 950 жылы Дамаск қаласында қайтыс болған. Әл-Фарабидің жазған еңбектерінің ішінде философия мен логика терең зерттелген. Сондықтан Шығыс ойшылдары оны көзі тірісінде-ақ «әл-Муғалиму әс-Сани», яғни «екінші ұстаз» деп атап кеткен. Ол таза философиялық, логикалық еңбектермен қатар физикалық, матеметикалық және натурфилософиялық, музыкаға да қатысты еңбектер жазып қалдырған.
Орта ғасырдағы ғалымдардың ішінде тамаша энциклопедист Әбу Райхан әл-Бирунидің еңбектері өз замандастарына қатты әсер еткен. Ол ғылыммен айналысқан кездерінде шешілмей жатқан мәселелер болса дін қағидаларына жүгінген. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазіргі Қарақалпақстан жерінде дүниеге келген. Жастайынан әр нәрсеге құмар болып, айналадағы әлемді тануға тырысып бақты. 21 жасында астрономияға терең үңіліп, көптеген ғылыми нәтижелерге жетті. Бирунидің бір ерекшелігі, Ислам дінінен басқа діндерге құрметпен қараған.
Ислам дінінде сиқыршылар мен магиялық күш иелерінің әрекеті мақұлданбайды: «Сиқыр жасаушы немесе сиқыр жасатушы, бал ашушы немесе бал аштырушы мұсылман емес». Бұл бағытта 1047 жылы «Минерология» деген еңбегін жазып шықты. Онда ғалым тылсым күштерге, магиялық күштерге сенудің орынсыздығын дәлелдеген. Сиқыршылық қараңғы адамдарға ерекше күш сияқты көрінетіндігі, ал ғылыми көзқараспен алып қарағанда оның ешбір ғажайып еместігін, қайта жалғандығын ашып, ғылыммен ортақ жері жоқ екендігін дәлелдеді. Сиқыршылықтың бір түрі алхимия екендігін, бірақ оның өз атымен аталмайтындығын атап өтеді. Бируни, сондай-ақ, Құран кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізген (Шейх Абд аль-Маджид аз-Зиндани, Факти относительно морей и океанов, Перевод с английского Кулиева Руфата (Салмана) Москва 1999, 98-б.).
«Араб ғалымы» атанып кеткен, Бұқарада туып-өскен Ибн Сина да өз кезіндегі ілімдерге үлес қосқан. Әртүрлі деректерге қарағанда, Ибн Сина 450-дей шығарма жазған, соның бізге дейін жеткені 240-тайы ғана. Бұл еңбектерінің ішінде «Дәрігерлік ғылымның қағидалары» деген кітабы өз заманында-ақ оған әлемдік абырой әкелді. Өйткені бұл кітапты медицина ғылымының энциклопедиясы десе де болғандай. Осы қағидалар жинағы Азия мен Еуропа елдерінде 500 жыл-дай дәрігерлердің медициналық еңбегіне айналды.
Осы ұлы еңбектерді жазған Ибн Сина да Алла тағаланың құдіретіне шек келтірмеген. Мысалы, кітаптарының басы «Алла тағаланың атымен бастаймын! Бар мадақ әлемді билеуші Аллаға, Оның барлық пайғамбарларына жарасады» деп басталуының өзі көп нәрсені байқатады. Атеистік бағыттың бір қателігі – Исламның осындай ірі ғалымдарының ашқан жаңалықтарын мысалға ала отырып, олардың тек материалистік жағын ғана жақтап, дінге қатысты тұстарын жасырып, қайта дінге қарсы қоюға тырысты. Ал он сегіз мың ғаламды жаратқан құдіреті күшті Алла тағала сол адамдарды айнала қоршаған ғаламның сырын ашуға, сөйтіп соларға ұстаздық етуді нәсіп етті.
ХІІІ ғасырда Ислам ғылымы-ның көптеген салалары латынша-ға аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тараған. Мысалы, әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, музыкасы, философиясы, оптика-сы, геометриясы, астрономиясы, медицинасы аударылып, кең таралған. Осыларды таратқан монах Роджер Бекон шіркеу түрмесінде 14 жыл отырған. Жалпы ғылыммен айналысқан адамдар Исламнан басқа діндерде көп қуғынға ұшырап немесе өлім жазасына кесілген. Мысалы, Италиядан шыққан физик Джордано Бруно жердің домалақтығын дәлелдеймін деп жазаға тартылып, 1600 жылы тірідей өртеледі.
Испаниялық ғалым Липель Сервет қан айналымын зерттегені үшін ХVII ғасырда отқа өртеледі. Иван Грозныйдың дәрігері адамның ішкі дене мүшелерінің құрылыстарын анықтау мақса-тында өлікті сойғаны үшін өлтіріледі. Галилео Галилей жердің айналатынын дәлелдегені үшін ұзақ мерзімге түрмеде отырады. Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жер-ді өңдеу, Алла тағала жаратқан нәрселердің барлығын да адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездестіреді. Тарихта ешқашан да Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркін ойлауына кедер-гі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тыйым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жа-ғынан сый-сыяпаттар көрсетіліп, қоғамдық ортада мәртебелерін көтеріп отырды.
Ислам ғалымдарының орта ғасырларда әлемдік деңгейде алғы шепке шығуына қандай жағдайлар әсер етті? Біріншіден, бүкіл Ислам ғалымдары құдіреті күшті Алланың бір екендігіне, Құран кәрімнің Алланың сөзі екендігіне және Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Оның елшісі екендігіне сенді. Екіншіден, Ислам халифаты ғалымдарға ғылыми жұмыстар жүргізуге үлкен мүмкіндіктер жасады. Сөйтіп пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатындағы 40 парыздың бірі – еркекке де, әйелге де ғылым үйрену іс жүзінде парыз екендігі көрінді. Үшіншіден, араб-парсы тілі бүкіл мұсылман ғалымдарының ортақ тіліне айналғандықтан бір-бірінің еңбектерін оқып, зерттеуге қыруар пайда келтірді. Төртіншіден, сол орта ғасырдағы әміршілердің сарайларының жанында бай кі-тапханалары болды. Мысалы, әл-Фараби, Ибн Сина, тағы басқа да ғалымдар көп уақыттарын осындай кітапханаларда өткізіп, ғылыми көзқарастарын қалыптастырды. Бесіншіден, орта ғасырдағы Ислам ғұламалары ежелден келе жатқан ілімдер мен тұжырымдамаларды, ғылыми жаңалықтарды оқып, жалғастырып қана қоймай сондай мұралардың пайдалы жақтарын алып, әлемдік ғылымның дамуына ерекше үлес қосты. Алтыншыдан, Ислам ғалымдары ғылымдарды сала-салаға бөліп, жекелеген ғылымдарды кейінгі ғалымдардың зерттеулеріне жол салды. Мысалы, медицина, астрономия, философия, математика, химия, физика, тағы басқа ғылым салаларын жетілдірді (Қайрат Жолдыбайұлы, Имани гүл, Алматы 2012 ж. 128-б.).
Бақытжан Өткелбаев