ИТАЛИЯ ШЕКАРАСЫ ТУРИСТЕРГЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ЖАБЫҚ

Елдің мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини La Repubblica газетіне берген сұхбатында: «Шекаралардың ашылуы әр мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы мен саясатына байланысты. Елдегі жағдай әлі де оңалып кете қойған жоқ, аса қиын. Сол себепті Италия жыл соңына дейін шетелдік туристерге шекарасын ашпайды»,— деп мәлімдеді. Министр Италияда коронавирусқа байланысты жабылған музейлер мен басты көрнекі жерлер мамырда ашылуы мүмкін дей келіп, сондай көрнекі жерлердің бірі ретінде Колизей мен Помпеиді атады.  Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 192 994-ке жеткен. Оның ішінде 25 969 адам көз жұмған.

 

Дайындаған — Ермек Сахариев