Иығына салған лақты 33 рет көтерген бала шалқасынан түсті
Интернетте лақ көтеріп, сайысқа түскен баланың видеосы тарады.
Авторы мен мекен-жайы белгісіз видеода бастауыш сынып оқушысы лақты 33 мәрте көтерген. Ол әбден күші таусылған сәтте шалқасынан құлаған. Бұған дейін оны қолпаштап тұрған көрермендер осы сәтте қыран-топан күлкіге қарық болды.
Талқыға түскен тарыдай баланың видеосы жайлы көпшіліктің пікірі де әртүрлі.
«Мұқандай бол!», «Болайын деп тұрған бала екен», «Толағайдың ұрпағы ғой», «Мықты» деп жазды желі қолданушылары.
turkystan.kz.