Ізгілік пен ілтипаттың мерекесі тойланды
Салтанатты шараға К.Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның әншілері Г.Тинасилова, Ж.Тлеубеков және Шолпан би ансамблі, А.Тоқпанов атындағы драма театрының әртістері, «Smile» спорттық орталығы мен Абай атындағы педагогикалық колледжінің өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
– Күн мен түннің теңелетін уақытысына тура келген наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Мейірім мен қамқорлыққа, ізгілік пен ілтипатқа бөлейтін ерекше мейрам яғни Ұлыстың Ұлы күні ақ мол болсын, қайда барсақ жол болсын. Көктемнен көктемге аман есен жетейік,- деп жиналғандарды мерекесімен құттықтаған мекеме директоры Балабек Нарбаев бағдарламаға атсалысқан қонақтарды «Алғыс хатпен» марапаттады.
Кеш барысында мекеме қызметкерлерінің қолөнер бұйымынан көрме ұйымдастырылды. Және де әр ұлттың тағамдарынан ас әзірленіп, жиынға келген қонақтар дәмнен ауыз тиді. Ақ жаулықтары желбіреген әжейлер мен ақ таяғына сүйенген қариялар әз наурыз мерекесін сезініп, шат шадыман күйге бөленді.