«Jambyl Civil Hub» жобасының есеп беру брифингі өтті
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттық қаржыландыру негізінде «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен «Jambyl Civil Hub» жобасының есеп беру брифингі өтті.
«Jambyl Civil Hub» жобасы – Жамбыл облысындағы үкіметтік емес ұйымдарына арналған өңірлік ресурстық орталық. Осы жоба аясында қазіргі таңда, ҮЕҰ арналған кәсіби, құқықтық, консультациялық көмек жүргізіліп, ҰЕҰ жабу және есептіліктерін Дерекқорлар базасына тапсыру, мемлекеттік тапсырыстар мен гранттарға қатысу туралы онлайн форматта сабақтар өткізілді.
“Jambyl Civil Hub” өңірлік ресурстық орталығында өңірлік ресурстық орталығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа және гранттық қаржыландыруға өтінімдер дайындау, т.б. мәселелер бойынша кәсіби, құқықтық, консультациялық кеңес алған ұйымдар мен азаматтар тіркеу журналына жазылды. Жалпы ҮЕҰ жабу, есептілік тапсыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу және басқа да бағыттарда 101 ҮЕҰ кеңес алды. Консультация нәтижесі бойынша 12 пікір алынды, пре және пост сауалнамалар бойынша қатысушылардың 78,8 пайызының қанағаттану деңгейі құралды.
«Азаматтық қоғам өкілдерін оқыту» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар «Қаржылық сауаттылыққа оқыту» және «Бюджеттік процеске азаматтық бақылау жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыптарындағы 2 бөлімді құрады. 1 бөлім бойынша семинар тренері – Нәмелбек Азамат Нәмелбекұлы, екінші бөлім тренері – Дастан Исламбек Дастанұлы болды. Семинарға 70 адам қатысты, оның ішінде 50 ҮЕҰ өкілдері және 15-і ауылдық ҮЕҰ өкілдері. Алынған пре/пост сауалнамалардың нәтижесі бойынша қанағаттану деңгейі 80 пайыз құрады. Семинар туралы жарияланым Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жасалды.
«Jambyl Civil Hub» жобасы аясында 2024 жылдың шілде мен қараша айлары аралығында азаматтық қоғам саласындағы жаңалықтар мен мен жетістіктер, ұйымдардың қызметі мен жобалары, ұйымдардың көшбасшылары туралы 17 мақала әзірленді және Facebook әлеуметтік желісі мен turaninfo.kz ақпарат агенттігі сайтында жарияланды.
«Jambyl Civil Hub» жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша еліміздің әлеуметтік дамуына ерекше үлес қосқан 4 ұйым: «Кәусар Тараз» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облысы Жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі, «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Айналайын» балалар –жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігі таңдалынды.
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс туралы хабарландыру Facebook желісіне жарияланды. Конкурс жабық форматта өтті, 10 қатысушы ат салысты. 10 қатысушының ішінен ерекше әлеуметтік үлесімен көзге түскен 4 ұйым таңдап алынды. Конкурс Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» акт залында өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша осы 4 ұйымға бағалы сыйлықтар мен сертификаттарды салтанатты жиында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы табыстады. Конкурс қорытындысы бойынша 10 ұйым өкілінен жазбаша пікір алынды. Конкурс туралы ақпарат Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Сонымен қатар, жоба аясында «ҮЕҰ өкілдерін Халықтық дипломатия орталығы» онлайн кездесуі өткізілді. Кездесуге «Қазақстанның Халықтық дипломатия орталығы» ҚҚ директоры, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті — Нұрғазиева Бану Ғаниқызы қатысты. Кездесу баяндамашылары: «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры, «Қазақстанның Халықтық дипломатия орталығы» ҚҚ құрылтайшылары — Қалиев Талғат Бегімұлы; Рүстемов Бақыт Төлегенұлы; Абдуллин Руслан Шавкатұлы болды. Кездесу туралы ақпарат Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Қорытындылай келе жоба бойынша Жамбыл облысынан 256 ҮЕҰ қамтылды. Әр іс-шара жоба мақсаттарын іске асыруға ықпал етіп, Жамбыл облысында азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін берді. Жобаның барлық шаралары тиімді жүзеге асырылып, нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізілді.
TURANINFO.KZ