«JASAU TARAZ»-дың жұмысы жан сүйсінтеді
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кәсіпкер Анар Бексұлтанованың тігін шеберханасында болды.
Анар Бексұлтанова кәсіби түрде қазақтың ұлттық интерьер бұйымдарын дайындаумен айналысады. Ол қалыңдықтарға арналған жасау мүлкін өндіріп, сатады. 2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы ол өз ісін кеңейту мен қосымша жабдықтар сатып алу үшін 3 миллион теңге көлемінде өтеусіз грант алады.
2020 жылы технологиялық процестерді автоматтандыру үшін 2,5 миллион теңге сомасына тағы бір грантты жеңіп алды. «Jasau Taraz» кәсіпорнында бүгінде 3 адам жұмыс істейді. Өңір басшысы сапар барысында кәсіпкерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.