БАЙЗАҚТА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Биылғы жылы ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын 59910 гектар алқапқа орналастыру жоспарланған. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 358 гектарға артық екенін көрсетеді. Тарқатып айтатын болсақ 8750 га күздік бидай егілген, сонымен қатар 12800 га жаздық арпа, 2100 га дәндік жүгері, 50 га дәнді бұршақ, 1500 га мақсары, 2350 га қант қызылшасы, 700 га картоп, 7610 га көкөніс-бақша және 24050 га мал азықтық дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстары басталып, жоспардағы 5195 гектар жер түгелдей жыртылды. Дақыл егуге дайындалатын жер көлемі 33460 гектар жер болса оның 27543 гектары дайын. Жаздық масақты дақылдар 12800 га, көпжылдық шөп 4330 га себіліп, жоспарлар 100 пайызға орындалды. Майлы дақылдар себу 1500 га болса егілгені 880 га, қант қызылшасын егу 2350 га болса егілгені 250 га. Бақша егу 1810 гектар болса егілгені 540 гектар. Картоп 700 га болса егілгені 501 га, дәндік жүгері егу 2100 га болса егілгені 325 гектар. Көкөністер егу 5800 га болса егілгені 3488 га. Оның ішінде 1851 га пияз, 41 га қырыққабат, 24 га сәбіз, 215 га қияр, 379 га қызанақ және 978 га өзге де көкөніс дақылдары егілді.
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым көлемі 7318 тонна, бүгінгі күнге 7407 тоннасы қолда бар. Жетіспейтін дәндік жүгері, картоп, басқа да дақылдарының тұқымдары шет елдік компаниялардан және басқа облыстар мен облыстың тұқым шаруашылықтарынан алынуда.
Аудан бойынша биылғы жылға 1433 әртүрлі ауыл шаруашылығы техникаларының көктемгі дала жұмыстарына 942-і техника қатысуда. 2022 жылы ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару көрсеткіші 11% жетті. Жыл басынан бері 17 шаруашылық 589 млн. теңгеге 46 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
Көктемгі дала жұмыстарына байланысты ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 1040 тонна кепілдендірілген дизель отыны ауыл шаруашылығы басқармасымен бекітілді. Меморандум «Тараз VIP Сервис» және «Азия Нефтепродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен жасалынды. Шаруашылықтарға босату бағасы 204 теңге болып бекітілді. Бүгінгі күнге 213 шаруашылықтан 803,3 тоннаға өтінім түсіп, 199 шаруашылық 697,0 тонна дизель отынын алды.
Егіс алқаптарына 5434 тонна минералды тыңайтқыштар алып, енгізу жоспарлануда. Бүгінгі күнге 1530 тонна тыңайтқыш алынды. Оның ішінде 725 тонна аммофос және басқа да тыңайтқыштар.
Үстіміздегі жылы аудан бойынша қант қызылшасын 2350 гектар алқапқа егу жоспарлануда. Техникалық дақылды егуге 40 шаруашылық ниет білдіріп отыр. Қант қызылшасын себуге қажетті 3225 себу бірлігі түгелдей дайын. Бүгінгі күнге 5 шаруашылық 250 гектар егіс алқабына қант қызылшасы дақылын орналастырды. Қант қызылшасы дақылының 1280 гектар егіс алқабына су үнемдеу технологиясы енгізіледі. Оның ішінде 750 гектары жаңбырлатып, 530 гектары тамшылатып суарылатын болады.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында несилендіру жұмыстары да атқарылып жатыр. 2023 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 63,4 млн. теңгеге 5 шаруа қожалық несие алды. Бұдан бөлек тағы 2 шаруашылық жалпы сомасы 10,0 млн. теңгеге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге құжаттарын өткізді.
Соңғы жылдары шаруашылықтар жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алуда. Ағымдағы жылы су үнемдеу технологияларын 6980 гектар алқапқа енгізу жоспарлануда. Оның ішінде 3341 гектары жаңбырлатып, 3640 гектар тамшылатып суарылатын болады.
Бүгінгі күнге 1000 гектар егіс алқабына жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылуда. Сонымен қатар, 2022 жылы аудан бойынша егістік жерлерді жер асты суымен қамтамасыз ету мақсатында 17 ұңғыма қазылды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да өз жалғасын табады.
Көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес өз уақытында, сапалы өткізілетін болады.
Еркебай Рысалиев, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.