К Е Л І Н…
Жасы қырыққа таянғанда үйленді. Талай елдің қызымен танысып, бірі мұны,бірін бұл менсінбей жүргенде, өз ауылының қызына үйленем деп ойлап па? Бұл ауылдан кеткенде,көшенің арғы бетінде топыраққа аунап, шашы ода-дода боп жүретін сары қыз еді. Ауылдасының бір тойында, екі көзі тостағандай, орта бойлы ажарлы қыз, столдың қарсы бетінде отырып, өзін танып сәлем бергенде, есіне әрең түсірген.
Байқап отырса, сары қыз пысық, өжет боп бойжетіпті. Көңіліне ұнап-ақ қалды. Жігіттің ұнатқанын сезген бойжеткенде, өзін паң ұстап,арасында көзін төңкере қарап назданды…
Танысу…Кездесу…көпке барған жоқ. Арада төр-бес ай өткенде, қыз өзінің аяғы ауыр екенін жігітке айтқанда,қуаныштан жүрегі дүрсілдеп қоя берген…
Жеңгесі арқылы шешесіне жеткізгенде, «Өз қолымызда өскен бала ғой. Жақсы болды. Осы қызға үйленсін»деп,қуанып кетіпті. Әрі бұдан үлкен ағалары да,інілері де алдақашан үйленіп, қыздары тұрмысқа шығып кетіп, он баланың ішінде салтаңдап жүріп қалған осы ұлы, уайым боп жүрген анаға, мұнан артық қандай қуаныш болсын?!
Әкесі ерте кетсе де, шешесі, үйленген бауырлары бар, өзінің де қаланың ортасында үй-жайы,машинасы, барлық жағдайы толық Амантайға той жасау,еш қиындық туғызбады.
Құда-құдайғайлар, құдаша-құда балалар, бәрі де бір ауылда құлын-тайдай бірге өскен адамдар болған соң,той дүркіреп өтті.
Арада жеті-сегіз ай өткенде, шекесі торсықтай ұл дүниеге келді.
Жасы келіп үйленгенде көрген сәби, соншама тәтті болар деп, кім ойлаған? Өзі де балажан еді. Аға-інілерінің балалары айналып-үйіріліп,қасынан шықпайтын. Бұрын түскі асты, жұмыстың асханасынан іше салушы еді. Енді үйіне асыға жетіп, бесіктегі шақалақты құшырлана иіскемей, көңілі жәй таппайтын болды…
Күндер зулап, бала тәй-тәй баса бастады. Бұл баланың қызығымен жүріп, көп ешнәрсеге мән бермепті. Үйленгенге дейін өз қолында тұрған шешесі, соңғы уақытта, қаладағы ағасы мен қарындасының үйінде болуды жиілетіпті. Бір ретте келіншегінен «Апам неге келмей жүр?»деп сұрағанда, «Білмеймін»деп,иығын қиқаң еткізген.
Бүгін қадалып сұрап еді:»Мен қайдан білем? Пенсиядағы еріккен кемпір емес па? Сенен басқа балалары жоқ па»деп, бұрқ ете қалғанда, қаны басына шапшыған. Өзі қызу қанды тентек жігіт, атып тұрып келіншегін бір-ақ ұрып, қалпақтай түсірді. Екі бүктеліп, бұрышқа ұшып түссе де»Неге ұрасың, саған бала керек па? Шеше керек па?»деп, көкайлданған келіншегін тағы да ұрмаққа төніп барды да, өзін-өзі ұстап,шырқырап жылаған баланы алды да, аулаға шығып кетті. Шағын бақшасының шетінде, ұлын құшақтап отырып, «Құдай-ау, кімге тап болғанмын?»деп,іші әлем-жәлем боп өртеніп, қамығып,ұзақ отырды…
Қолындағы ұлы, қыңқылдап мазасызданған соң үйге кірсе, келіншегі теріс қарап, бүк түсіп жатыр екен. Араққа бұрында онша зауқы жоқ еді. Үш-төрт жылдан бері,мүлде татып алмай кеткен. Осы жолы өлердей мас болып, жеңілдегісі келді. Жеңіл киініп досына бармақшы болып, үйден шықты…
Досы қуана қарсы алған… Ап-ащы арақты құшырлана қылғытты… Қанша ішкенін? Соңы не болғанын білмейді. Оянғанда өз үйінде басы сынып ауырып, жүрегі лобып, қиналып жатыр екен. Тәлтіректеп тұрып ас үйге кіргенде,көгереңдеген келіншегі «Оо алқаш. Сендей алқашпен енді тұрмаймын. Айырылысамын. Үй да,бала да менде қалады. Ещё алимент төлейсің»деп, шаңқылдап қарсы алды. Қаны басына тағы шапты. Стол үстінде тұрған пышақты жұлып алды да, сасып қалған келіншегінің тамағына тақап тұрып:»Мауыздап тастамай тұрғанда,дәл қазір қараңды батыр! Енді бір ауыз сөз айтсаң! Өлдің!»деген, ашудан түтіге қалш-қалш етіп…
Келіншегі сәтте жоқ болды. Сынып ауырып тұрған басы, дым болмағандай қоя қойғаны…
Бір аптадан кейін, аға-жеңгесі барып, келіншегімен баласын алып келген. Ұлын көргенде, бұрқ ете қалған көз жасын, ешкімге көрсетпей бұрылып кетті. Сағыныштан жүрегі жарыла жаздап жүргенін түсінді. Енді келіншегіне қол көтермеспін деген. Ол ойынан келіншегінің төркіндеп келгендей:»Қалайсың Амантай? Жағаң кірлеп кетіпті ғой. Қарның ашқан жоқ па?»деп, дым болмағандай өтірік жалпылдап, сумаңдағаны жүрегін айнытып жіберді. Үйленгелі бірінші рет,келіншегінің аярлығына сұмдық көңілі қалды. Сонда да, тұла бойы тұңғышының әкесін көріп, талпынып,былдырлап ұмтылғаны, бәрін жуып-шайып кеткендей болған.
Шешесі келуді мүлде қойды. Тек анда-санда түс мезгілінде соғып кетеді. Соның өзінде, келіншегі көрер көзге кірпідей жиырылып, шаққа шыдайды. Анасы кеткен соң, «О кісінің қанша өмірі қалды дейсің? Қойсаңшы»-деп, ақылмен айтқанды да, айқайлап ұрысқанды да қақпайтын болған. Өзі де көп балалы от басынан шыққан адамның, соншама безбүйректігі бұны таң қалдырады.
Туған бауырлары да есіктен сығалауды қойды. Қырық бес жасында жесір қалып, он баланы ешкімнен кем қылмай жеткізген шешесіне,дағарадай үйден бір бөлме бұйырмағаны, өзегіне өт боп құйылады. Қанша рет ажырасуға оқталған. Күннен-күнге қылық шығарып, соңында тыпырлап еріп жүрген, тәп-тәтті балапанын қимайды. Ұлының үстіне түсетін осы балажандығын, көзір қып ұстаған келіншегі де, басқа шығып болған еді.
Бірде түскі асты ішіп бола бергенде, ауланың есігі ашылып, шешесі кіріп келе жатты. Соны көрген келіншегі «Қап. Түнде ұйқым қанбай, көз іліп алам ба деп едім. Енді мына қақпас, көтінен су аққанша шәйді сораптайтын болды-ау»дегені… Шыдамының жеткен жері осы болды…
«Амантай! Ботам! Жібер ойбай. Өлтірдің!»деп,ойбайлаған шешесінің даусынан есін жиғанда, екі қолы келіншегінің тамағында қарысып, келіншегі көгеріп талып қалғанын көрді. Ұйып қарысып қалған қолын, әрең ажыратты. Анасы бір бақыраш суды, келіншегінің бетіне шашып жібергенде ғана, талыңқырап кеткен әйел, беті жыбыр-жыбыр етіп, көзін ашып,есін жинай бастаған…
Осы оқиғадан кейін аралары мүлде суып кетті. Өзіде бірде болмаса бірде, өлтіріп қоям ба деп қорқа бастады.
Бір күні келіншегі баласын алып, төркінінен қайтпай апта жатып қалғанда,үлкен шешімге келді. Көшеден Газель жалдап, келіншегінің бүкіл затын тиеп, шоферға адресті айтып жөнелтіп жіберді де, қалалық сотқа барып, ажырасатыны туралы арыз жазып тастады. Көкайыл келіншегі де тым-тырыс жатып алды. Сірә,жағдайдың ушыққаны екі жағына да белгілі болды ма? Енді екеуін қайта татуластыруға ешкім де құлық танытпады. Көзден кетсе, көңілден де кетеді деп, бір сәт көрмесе шыдай алмайтын ұлын да,сағынуды қоя бастады.
Үнсіз қобалжып күткені, неше жыл маңдай термен тапқан үйі, әйеліне қалатын шығар деген. Сырттай естігені, әйелі де, үйді алып қалу үшін жүгіріп жүр екен…
Сот ерекше шешім шығарды. Үй даусыз өзінде қалды. Дүние мүлік те. Тек екеуі үйленерде алған машинасы, алимент төлемеген жағдайда, тартып алынатыны, сол үшін бала кәмелеттік жасқа толғанша, залогқа қойылатын болды…
«Үй өзіме қалатын шығар. Болмаса бөліске түседі ғой»деп сеніп отырған келіншегі, мына шешімді естігенде,сұп-сұр болып кетті де, «Бұл ұлыңды енді ешуақтта көрмейсің. Тегін де өзгертем. Ал сен енді үйленсеңде «ұрпақсыз өт» деп, күндіз-түні қарғап өтем»деген, қалш-қалш етіп…
Арада үш жыл өткенде, құдайына қараған, ерін сыйлай білетін, иманды қызға үйленді. Шешесі де қолына қайта оралған… Өкініштісі.
Әлгі сұм әйелдің қарғысы бата тиді ме? Бармаған дәрігері, қаралмаған емшісі қалмады. Аяулы жары бала көтере алмады…
Малик Ораков