Қ.Темірханов: «Атақ үшін жұмыс істемеймін, бұл менің азаматтық парызым»

Ел Тәуелсіздігінің мерейлі тойы қарсаңында газетіміздің «Нұр Отан» партиясы және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен «Ұлы Дала ауылы — ұлт қазынасы» экспедициясы қазыналы Тобыл-Торғай өңіріне келіп, үлкен қуанышты жаңалыққа куә болып қайтты. «Қазақстан-ZAMAN» газетінің Бас директорының бірінші орынбасары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «ЕлАна» қоғамдық-саяси, танымдық сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы мен газетінің бас редакторы, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Ертай Айғалиұлы бастап жүрген сапар барысында басылымымыздың ұзақ жылғы тұрақты оқырманы ғана емес, шынайы жанашыры, Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясының Бас директоры, елжанды азамат Қажымұрат Жұмабекұлы Темірханов «Жангелдин ауданының құрметті азаматы» атағына ие болып отыр.

Қостанай — экспедиция тоқтаған 12-ші облыс екенін айта кетейік және оның барысы жайында алдағы сандардан оқи аласыздар. Ал біз алдымен мына бір жағымды хабар жайында көпшілік ағайыннан сүйінші сұрап алғанды жөн көрдік. Шындығын айту керек, тарихы тұнған, ұлттың ұясы атанған Торғай жұртшылығының ризашылығына бөленіп, ол елдің құрметіне лайықты баға алу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт екеніне көзіміз жетті. Оны айтып отырған себебіміз, Қажымұрат Жұмабекұлы аудан бойынша санаулы ғана азаматқа іріктеліп берілетін атақты Торғай жерінен бар сән-салтанатпен алып қайтты. Сол бір жиынға біз де барып келіп отырмыз. Әріптестерінің Қажекеңе деген ықыласы да айрықша екенін көрдік – аудан орталығына барғанда, маржандай тізіліп қарсы алған ұжым кетерінде де қимай-қимай шығарып салды. Шалғай аудан облысымыздың құрылғанының 80 жылдығы мен Ыбырай бабамыздың 175 жылдық мерейтойын ұштастыра ұйымдастырғанын атап өткен жөн.  

%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%b5%d0%bb-%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd

Әрине, аудан басшысы Асқарбек Кенжеғарин «Жангелдин ауданының құрметті азаматы» атанған Қажымұрат Темірхановтың кеудесіне көк таспа мен төсбелгіні қадап, куәлігін қолына ұстатқанмен, бұл азаматтың азды-көпті еңбегі жайында айта кеткені артық болмас еді. Жалпы, осыдан алты жыл бұрын өңірлік телекоммуникация дирекциясына жетекшілік етуге келген Қажымұрат Жұмабекұлының күн тәртібінен Торғай өңірінің байланыс сапасын арттыруға бар күшін салғанын айрықша атап өткіміз келеді. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Қажекеңнің тікелей басшылығымен облысымызда ең алғаш болып шалғай аудандағы телекоммуникация бөлімшесі заманауи үлгіде жарақтандырылып, халықтың игілігіне берілген болатын.

— Алғаш облысқа келгенде, аудандарға жасаған бірінші сапарым Торғайдан басталды. Алдымызда біраз %d2%9b%d0%b0%d0%b6%d1%8b%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d1%82-%d1%82%d0%b5%d0%bc%d1%96%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2шаруалар күтіп тұрды. Алдымен аудандық бөлімшенің материалдық-техникалық базасын жақсарту, ескірген телекоммуникация желілерін жаңғырту, қыл аяғы жұмысшыларға жағдай жасау қажет болды. Өзім де бұрынғы Көкшетау облысының шалғай елдімекенінде өскен адаммын. Сол себепті, ауылдың жайын, қиындықтарын жақсы білемін. Әрине, алты жүз шақырым жердің бар жағдайын жасау бір ғана адамның қолынан келетін іс емес, бұл ретте менің осындағы әріптестерімнің барлығы жұмылған жұдырықтай еңбек етті. Сондықтан, аудан жұртшылығы беріп отырған «құрметті азамат» деген атақ барша ұжымға деген ықыластарыңыз деп қабылдадым, — деді мінберде сөйлеген Темірханов мырза. 

Олай дейтін реті бар. Бірнеше жыл бұрын Жангелдин аудандық телекоммуникация торабы бастан-аяқ жаңартылып, адам танымастай қалыпқа енді. Бұл облыста бұрын-соңды болмаған, республикада теңдесі жоқ жұмыс еді. Ғимараттың іші ең соңғы үлгідегі байланыс құралдарымен, жиһазбен жабдықталып, жұмысшылар демалатын бөлмелер, ас үй, оқу сыныбы, жуынатын бөлме, аулада көлік қоятын орын салынды. Айтпақшы, бөлімшедегі ескі техникалар байланысы жоқ ауылдарға шығарда спутниктен бақылау жасайтын жаңа көліктерге ауыстырылды. Бұл Торғай жұртшылығы үшін үлкен қуаныш болғаны анық – тікелей телекөпір арқылы Астанамен байланысып, ел азаматтары Қажымұрат Темірхановқа ақ батасын жаудырды.

Торғай елі әлі де басты назарда

Қажымұрат Темірханов бастаған ұжымның шалғай ауданда жасалатын жұмысы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Екі жыл бұрын Амангелді-Жангелдин аумағындағы жабдықтар жаңартылып, Торғай тұрғындары жоғары жылдамдығы бар интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болып еді. Қазір ғаламтор пайдаланушылар саны бірнеше есеге артып отыр. Шеген ауылының да абоненттеріне жоғары жылдамдықты интернет желісіне қатынау қызметтерін ұсынуға мүмкіндік беретін жабдық орнатылды. Биыл Саға ауылында SkyEdge спутниктік жабдығы және М-200 сандық станция орнатылып, телефония қызметін пайдаланушылар саны еселеп отыр. Милісай, Шилі ауылдарына дейін жететін CDMA-450 базалық станция орнатылды. Осының арқасында 97 абонент «Қазақтелеком» АҚ-ның заманауи қызметтеріне қосылды.

%d2%b1%d0%b6%d1%8b%d0%bc%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b6%d0%b5%d2%93%d0%b0%d1%80%d0%b8%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96

«Тұрғын саны 250 адамнан асатын ҚР елдімекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту» мемлекеттік жобасына сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ бірінші кезекте Жангелдин ауданының Тәуіш, Сужарған, Қаламқарасу, Торғай, Аралбай, Көкалат және Ақшығанақ елдімекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды жоспарлауда. Демек, болашақта аталған ауылдарға заманауи телекоммуникация қызметтерінің барлық түрі баратын күн алыс емес деген сөз. Қажымұрат мырзаның «Мемлекет тарапынан жоба жүзеге асырылса, біз науқанды бастауға әзірміз. Көп облыстар аймақ орталықтарына жақын ауылдарды талшықты-оптикалық байланыспен қамтығалы отырса, біз тағы да Торғайды таңдап отырмыз» деуі де бекер емес.

Халықтың бағасынан артық ештеңе жоқ

Қазіргі уақытта облысымыздың коммуникация дирекциясының ғимараттары адам танығысыз өзгергені соншалық, өңірімізге сапарлаған мәртебелі меймандар келетін орынға айналды. ID орталық, кешегі күндерден сыр шертетін музей, республикада теңдесі жоқ оқу-жаттығу, еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік сыныптары, оқу полигоны бар байланысшыларды даярлау орталығы таң қалдырады. «Қазақтелеком» АҚ 20 жылдығына орай ашылған қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытуға арналған оқу сыныбын ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, байланысшылардың демалатын орындарына соқпай кетуің мүмкін емес. Мұның барлығы да Қажымұрат Жұмабекұлы келгелі қолға алынған игі істер.

%d2%b1%d0%b6%d1%8b%d0%bc%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b1%d1%96%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b6%d0%b5

Дирекция материалдық-техникалық салада ғана емес, рухани жағынан, әсіресе, мемлекеттік тілге деген бетбұрысымен басқаларға үлгі болып отыр. Оған аталған ұжым ұйымдастыратын жыл сайынғы дәстүрлі байқаулар мен фестивальдер дәлел. Әсіресе, бірнеше күн бойы үзілмей өткізілетін тілдер фестивалінің ауқымы өте кең. Ең бастысы Ана тілімізді ардақтап, ата дәстүріміз бен салтымызды ерекше құрметтейтін шаралардың қатары көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады.

Осыдан үш жыл бұрын дирекцияның әкімшілік ғимаратында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік кабинеті ашылған болатын. Заманға сай құрал-жабдықтарға толы, сөз қорың мен рухани ойыңды байытатын бұрынғы-соңғы оқулықтар, танымдық әдебиеттерді жинаған әлгі отаудан тілді үйренбеуің мүмкін емес. Іскер басшы өзі қолдау болып бастаған ұжым республикалық байқауларда талай мәрте топ жарды. Әсіресе, ана тілімізде еркін көсілетін өзге ұлт өкілдері үздіктер қатарынан түскен емес. Ал іскер басшының ұйытқы болуымен өткізілетін Наурыз мейрамы, Ораза, Құрбан айт мерекелері, ауыз ашар беру үрдісі жыл сайын жалғасып отыратынын көзіміз көріп келеді.

Міне, осы және біз айтпаған талай істерге мұрандық болып келе жатқан азаматтың алдымен қазақы исі аңқыған Торғай елінің құрметіне бөленуі заңды деп білеміз. Айтпақшы, Қажымұрат Темірхановтан бөлек, «Жангелдин ауданының құрметті азаматы» атағын тағы екі адам алып отыр. Олар – ақын, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, газет жанашыры Серік Тұрғынбекұлы мен еңбек ардагері Тыныштық Әбжамалұлы. 

Ал, Қажымұрат Жұмабекұлын су жаңа марапатымен «ЕлАна» қоғамдық-танымдық сайты атынан құттықтап, еңбегіне табыс бен береке, отбасына амандық тілейміз!

Нағашыбай Қабылбек, Қыдырбек Қиысханұлы,

Қостанай облысы.