Қабылданған шаралармен азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау — қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.
Еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың жай-күйін талдаумен «Тараз «футбол клубы» МКК 148 қызметкерге 370 млн.теңге мөлшерінде жалақыны уақтылы төлемеу фактісі анықталды.
Жұмыс беруші Еңбек кодексінің 113-бабының талаптарын бұзғаны үшін қала прокуратурасымен облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.
Қадағалау актісі бойынша жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалақы қарыздарын өтеу бойынша шаралар қабылданды.
1 наурызда облыс прокуратурасы басшылығының қатысуымен «Сенім маршруты» аясында футбол клубының ұжымы және спортшылармен кездесу өтіп, оған облыс әкімдігінің еңбек және спорт инспекциясы басқармаларының басшылығы да қатысты.
Қызметкерлерге азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы жеткізілді, сондай-ақ жекелеген мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізілді.
Жамбыл облысының прокуратурасы