ҚАБЫЛДАУ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда қызметтік пәтер алу, жарық және жол мәселелері, тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, жер алу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы әр мәселеге жеке тоқталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, бұл мәселелер бойынша жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.