Қабылдау

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Иордания мемлекетінің Аман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында еркін күрестен жүлдегер атанған аудан мақтанышы Бекзат Амангелдіні қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Ернар Есіркепов жас чемпионға әлемге ауданымызды танытып қана қоймай ұлтымыздың мақтаныштарына айналған спортшыларымыз аз еместігін және Бекзаттай мақтаныштар олардың ізін басып, көк туымызды желбіреткені қуантарлық жағдай екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Бекзат Амангелдіге және оның бапкері Мади Абиловқа алғыс хаттар табыстап, жас спортшымызға ауданның атын асқақтатып, додалы бәсекелерде жеңіс мінберінен көруіне беруіне тілектестігін жеткізді.