ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ
Қазіргі кезде аудан тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелердің шешілуіне ықпал ету үрдіске айналып келеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі мәселелердің қордаланбауына, кез келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізеді.
Бүгін де осы мақсатта бірқатар аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрдім. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жайылымдық жер секілді мәселелерді көтерді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген түйткілдердің бірқатары сол мезетте-ақ шешімін тапса, бір бөлігі рет-ретімен зерделеніп, заң шеңберінде қаралатын болады.
Жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында өткізілген қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі