Қайғырма, Алланың сынағына сабыр ет!
Қайғырма!
Өйткені, ауру айығады, қасірет ұмытылады, күнә кешіріледі. Қарыз өтеледі, тұтқын босатылады, кеткен адам келеді, күнәһар тәубе жасайды, кедей байиды.
Қайғырма!
Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып, шығып кететінін, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың – жеңілдікке, тіршілігің – тұрақтылыққа, болашағың – жақсылыққа ұласады.
Қайғырма!
Қызған күннің ыстығын көлеңке басады, шөлді мұздай, мөлдір су қандырады, аштықты жұмсақ, ыстық нан тойғызады, ұйқысыздық шаршауын тәтті ұйқы қандырады, дерт күйзелісі сауығумен кетеді. Жаратылыстың қиындығын жаратушысы шешеді. Ендеше, сен аз ғана күт!
Қайғырма!
Себебі бұйырған,тағдырдағы бар нәрсенің сөзсіз болатынына, дәрігерлер басын шайқап, данышпандар әлсізденіп, ғұламалар тұрып қалып, ақындар бір-бірінен сұрасып таңданысқан.
Қайғырма!
Себебі, сен егер қайғы-қасіретке жүрегіңнен орын берер болсаң, үздік дәрігерлер мен олардың берген кеңестері, дәрі-дәрмектері сені емдеп қуандыра алмайды.
Қайғырма!
Себебі, Алла Тағала сен үшін жер мен ондағы нәрселерді жаратты. Сенің игілігің үшін жайнаған бау-бақшаларды, әсем гүлдерді, әр түрлі ағаштарды, жарқыраған жұлдыздарды, өзен-бұлақтарды жаратты. Ал, сен болсаң қайғырып отырсың?!
Қайғырма!
Себебі, сен мөлдір су ішіп, таза ауадан дем алып, денің сау, өз аяқтарыңмен жүріп, түнде тыныш ұйықтап жатырсың!
Қайғырма!
Сенде дұға бар. Сол дұға арқылы сен әлемдердің Раббысынан қажетіңді сұрап аласың!
Сенде түннің үштен бір бөлігінде маңдайыңды сәждеге қоятын уақыт бар. Ендеше, қайғырма! Алланың сынағына сабыр ет!
Алла қаласа бәрі жақсы болады!
Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы