ҚАЙСЫСЫ МАҢЫЗДЫ?

Біршама жетістіктер мен лауазымдарға қолдары жеткен сыныптастар кездесіп, өздерінің сүйікті оқытушы-профессордің үйіне жиналыпты.
Әңгіме әңгімеге ұласып, бір кезде олардың өз өмірлері мен қызметіндегі көңіл толмаушылық, бөгеттер мен қиындықтар туралы мәселелерге бет бұрады. Профессор қонақтарына кофе ішуге ұсыныс жасап, асханадан үлкен ыдыстағы кофемен бірге әртүрлі кеселер (хрустал, ағаш, әйнек, пласмас,алтын, күміс, қымбат, арзан т.б әртүрлі кеселер) қоса алып келеді.
Профессор оларға:
«Кеселерге кофе құйып ішіңдер» дейді. Сосын барлығы кеселерге кофе құйып алған соң профессор:
«Егер байқасаңыздар барлық қымбат та көрікті кеселер таңдалып, қарапайым кеселер қалып қойыпты. Сіздер кеселерден өздерің ұнаған ең жақсыларын таңдағандарыңмен бұл сендердің өмірлеріңдегі бөгеттер мен көңіл толмаушылықтың бастамасы екендігін байқамайсыңдар. Сендер жаңа ғана кофе ішкілерің келген. Ал кесенің жақсы жаманы қажет емес болатын.
Бірақ жеме-жемге келгенде әдейілеп кеселерді жақсы және нашар деп бөле қарап жақсысына кофе құйып алдыңдар. Олай болса, өмір дегеніміз кофе болса, қызмет, лауазым,ақша, қоғамдағы иеленетін орын дегеніміз кесе
болмақ. Кесе кофені ішуге қажетті дүние болып есептелегенімен одан болып кофенің негізгі мазмұны мен құндылығы ешқашан өзгермейді. Кейде біз осылайша КЕСЕГЕ ҒАНА көп мән беретіндіктен оның ішіндегі кофені ұмытып кетеміз… » депті.