ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ
Биылғы жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» аясында Сарысу ауданында 73 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз грант берілді.
Оның ішінде: көп балалы отбасы мүшесі — 38, атаулы әлеуметтік көмек алушылар — 5, мүгедек жандар — 20, асыраушысынан айырылған — 2 және мүгедек бала тәрбиелеуші — 8 адам.
Қазіргі таңда мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтар өз кәсібін бастауда.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі