Қайырымдылық амалдарын жасау—әр азаматтың парызы
Бүгін Конституция күніне орай ауданда біршама шаралар атқарылды.
Жаңа нысандар ашылып, халық игілігіне берілді.
Сонымен бірге, әкімдік қызметкерлері тарапынан аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
Өзім бірнеше отбасына кіріп, жағдайларымен таныстым.
Қайырымдылық амалдарын жасау—әр азаматтың парызы. Осындай шараларға белсене атсалысатын әріптестеріме алғысымды білдіремін.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі