Қақпа алдында кездесу
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде өткен “Қақпа алдында кездесу” әлеуметтік жобасының аясында ағымдағы жылдың 26 тамыз күні 2жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты. Аталған жобаның мақсаты-түрмеден шыққан азаматтардың жұмысқа орналасуына,олардың қоғамға бейімделуіне жол ашуға және әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу болып табылады.
Мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі бөлім бастығының ұйымдастыруымен өткен кездесуге №2 Тараз қалалық пробация бөлімінің аға инспекторы Сабит Досыбаев, арнайы есеп бөлімі бастығы,сотталғандарды тұрмыспен және еңбекпен қамтамасыз ету бөлімінің аға иснпекторы әділет капитаны Арайлым Бауыржанқызы қатысты. Жоба нәтижесінде бір сотталған азамат жазасын неғұрлым жеңіл жаза түріне,яғни бас бостандығынан шектеумен ауыстырылуына байланысты босатылса,екіншісі жазасын неғұрлым жеңіл жаза түріне ,яғни айыппұлға ауыстырылып бостандыққа шықты. Пробация қызметінің маманы бостандыққа шыққан азаматтарға алдағы уақытта әлеуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілетіні жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,босатылған мекен-жайы бойынша пробация қызметіне тіркеуге тұру жөнінде ескертіліп,қолхат берілді.
Қоғаммен қайта қауышқан азаматтарды туған туыстары қақпа алдында кездесіп,күтіп алды.