Қала әкімі жайдарманшы жастармен жүздесті

Жуырда Астана қаласында өткен «Маусымашар – 2023» Жайдарман ойынында 9 команда Жамбыл облысының намысын қорғаған болатын. Іріктеу ойындарының нәтижесінде «Медиум» және «Жуалы» командалары жоғары лигаға жолдама алды.
Бүгін астарлы әзілмен көңілдің кілтін тауып жүрген «Медиум» құрамасының мүшелерін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қабылдады. Көңілді әрі тапқыр жастарды қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов бастап келді.
Қабылдау барысында «Жайдарлы жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоғары лигаға жолдама алған «Медиум» құрамасының капитаны Юсуп Еламан команданың алдағы жоспарларын бөлісті.
Өз кезегінде шаһар басшысы жігерлі жастарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта командаға қолдау білдіретінін және облыс намысын қорғап жүрген Тараз жастарына қашанда жанкүйер екендігін жеткізді.
Кездесу соңында қала әкіміне республикалық «Жайдарман» ойындарының президенті Есен Елеукеннің арнайы Алғыс хаты табыс етілді.