Қала аумағында 47 шаруа қожалығы көктемгі егіс жұмыстарын бастады

Қала аумағында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 47 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылға шаруа қожалықтары тарапынан 460,58 га жерге егін егілуде. Атап айтқанда, пияз – 135,68 га, жоңышқа – 151,48 га, қызанақ – 9,05 га, қияр – 2,03 га, қант қызылшасы – 20 га, жүгері – 44 га, құлпынай – 4 га, алма – 28,59 га, т.б. өсімдіктер – 0,8 га және пар жерлер – 64,95 га.
Қант қызылшасы және жүгері егу жұмыстары сәуірдің соңында толық аяқталады. Ал қызанақты мамырдың басында егу жоспарланған.
Шаруа қожалықтары егістік алқабын суғару үшін суды Жамбыл ауданындағы 3 канал арқылы алады.
«Кіші тоған» каналынан 6 шаруа қожалығы маусымына – 2,5 млн.куб метр су, және «Аса – Талас» каналынан 20 шаруа қожалығы маусымына – 26 млн куб метр су алады. Суға деген тапшылық туындамайды.
Шаруа қожалықтарының мешігінде барлығы 17 техника бар (1 комбайн, 7 тарктор, 9 жүк көлігі және жер жырту соқасы, жер қопсытқыштар, тырмалар, шөп орғыштар, дән сепкіштер, картоп қазғыш тіркемелері). Техникалар толығымен жұмысқа жарамды.
Бүгінгі таңда «Аулиет» ШҚ пияз – 30 га, құлпынай – 4 га, алма бағы – 23,91 га және «Каби-2» ШҚ пияз – 40 га егіс жұмыстарын жүргізуде.

Тараз қаласының әкімдігі