ҚАЛАЙ БАРСЫҢ,СОЛАЙ КӨРІН‼️

1. Әдемі сөздер жазып, елге ақыл-кеңес беруге құмармыз, өзіміз соның 10 пайызын істемесек те, не үшін?
АҚЫЛДЫ БОП КӨРІНУ үшін!…
2. Қолымызға қымбат сағат тағып, ең соңғы үлгідегі смартфон ұстап аламыз, бірақ көрінген адамға қарыз болуымыз мүмкін… Не үшін?
БАЙ БОП КӨРІНУ үшін!
3. Ауылға, елге барымызды киіп, бар алтынымызды тағып баруға тырысамыз, тіпті біреуден сұрап алсақ та. Не үшін? «Мына байғұс қалада жүріп, әбіржіп кетіпті ғой» деп айтпасын деп, ТАБЫСТЫ БОП КӨРІНУ үшін!
4. Сосын ауылына барғанда, арасында орысша қосып сөйлеп, «Турцияға барғанда, қойшы мұндайды біз Дубайдан көргенбіз» деп сөйлейтіндер де бар. Не үшін?
ӨЗІНШЕ БОП КӨРІНУ үшін! Сырт көзге күлкілі және ол қарапайым адамдарды күйзеліске ұшыратады. Оны ойламаймыз біз…
Осының бәрі комплекс қой!
Қалай бармыз, солай жүре алмаймыз.
Мәселе азып-тозып, өзіңе қарамай кет керек дегім кеп тұрған жоқ. Жай ғана көрпемізге қарай көсілейік те.
Ол — бір!
Екіншіден, құр сырт бейнеге, былайша айтқанда «обложкаға» қызмет етпей, ішкі дүниемізді байытайық та. Кітап сатып алып оқиық, курстарға жазылып, тілдер мен неше түрлі өнер үйренейік. Саяхаттайық. Сонда БОП КӨРІНБЕЙміз, шын мәнінде сондай боламыз. Өзгелер үшін емес, рахатымызға өмір сүрейік…

P.S. Тағы қандай БОП КӨРІНЕМІЗ?⁉️

Байқап жүргендеріңіз болса, айта отырыңыз, кемшілігімізді түзеуге тырысайық‼️