ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

1. Күн сайын 2 дана шайнап жүрсеңіз – созылмалы ангинадан құтыласыз.
2. Тамағыңыз ауырған кезде шайнасаңыз — ауырғаны басылады.
3. Тамақтанудан 30 минут бұрын бірнеше дана шайнасаңыз – ішектің ақ құрттарын 2 күнде өлтіреді.
4. Қалампырдың әрбір шоғының құрамында эвгенол, кариофиллен және иланген сияқты хош иісті 20% эфир майы бар. Сондықтан оның ақ құрттардан басқа ағзадағы инфекциялық бактерияларды (стафилококк, туберкулез) өлтіретін қабілеті де бар.
5. Ауыз қуысының қабынуын емдейді. Сағыздың орнына шайнау – стоматит, периодонтит және гингивит ауруларын емдейді. Ауызды жуатын кез-келген заттан артық: Шайнау арқылы жағымсыз иісті басады және қайтадан иісті болдырмайды.
6. Құрамындағы евгенол – қатерлі ісікті тоқтатуға және оның қайталануын болдырмауға көмектеседі. Бұл арнайы сынақтармен дәлелденген және мұны тұқым қуалайтын қатерлі ісікке шалдығу қаупі бар адамдарға аурудың алдын-алу үшін үнемі қолдануға кеңес беріледі.
7. Төмен қысымды көтеруге көмектеседі. Екі данасын шайнау – бір кесе кофе ішкенмен тең. Қан қысымының төмендеуінен болатын шаршағанды, бас айналуды және бас ауруын басады. Бұл екі тал қалампыр энергияны қалпына келтіреді және дененің қорғаныс қабілетін (иммунитет) арттырады.
8. Бұл хош иісті дәмдеуіштің құрамындағы В дәрумені ұйқысыздықты жойып, тыныштандыратын (антидепрессант) әсері бар.
9. Шайдың хош иісін, дәмін және жылу сапасын арттыру үшін оның 1-2 талын үнемі бір шәйнек сүтті шайға қосып ішіңіз.
Егер сіз оны отбасымен қолданғыңыз келсе: Түнде ұйықтар алдында молырақ бір кесе сүтке сары май, ас содасы, 1 ас қасық арпа талқанымен араластырып, 1 тал қалампыр қосып, дәмін шығарып ішіңіз. Таңертең оянғанда керемет демалып тұрғаныңызды сезесіз.
Қалампырдың сапасын тексергіңіз келсе, оны кеседегі суға қатты лақтырған кезде тігінен жоғары қалқып кетсе немесе ыдыстың түбінде тігінен тұрса, бұл эфир майы әлі де бүтін және емдік қасиетін жоғалтпағанын білдіреді. Ал көлденең қалқып тұрса – эфир майының буланғанын және терапиялық мәнін жоғалтқанын көрсетеді.
Мыналарға ТЫЙЫМ салынады:
–Егер өсімдікке аллергияңыз болса, қолданбаңыз;
–Сүт тістері түспеген, немесе тісі енді шығып жатқан кезде қолдануға болмайды;
–Қан қысымы жоғары адамдарға қолдануға болмайды

Жазбаның авторы Амантай Тойшыбайұлы