Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қала бюджетінің болжамды орындалуы, шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сынды көптеген өзекті мәселелер қаралды.
Қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевтың сөзінше, ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері толық орындалған.
Шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлы бюджетті игеруде ешқандай заңбұзушылыққа жол берілмеуі керектігін баса айтты.
Кеңестің күн тәртібінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларының барысы да жан-жақты талқыланды.
Мәселен, қаладағы 11 округтегі барлық сауда дүкендерін қамту және мереке қарсаңында бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №107-ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, бас инпекторлар қала әкімдігінің бөлімдерімен бірлесе шаһар дүкендеріндегі әлеуметтік негізгі азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізіп, тауарлардың үстеме бағасын 15 пайыздан асырмау жөнінде хабарлама хаттары таратылуда. Алайда, кейбір үй маңындағы дүкендер бағаны қолдан өсіруде.
Жиын барысында шаһар басшысы өзге де мәселелер бойынша жауапты бөлімдердің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар жүктеді.
Тараз қаласы әкімдігі