Қан қысымының нормадан ауытқуы: не себеп болуы мүмкін
Қан қысымының нормадан ауытқуы: не себеп болуы мүмкін
Қан қысымының өзгеруіне әсер ететін себептер көп. Алайда келесі факторлар айтарлықтай жиі кездеседі:
Жүректің бұрынғы тәртіпте және қажетті күшпен жұмыс істей алмауы.
Қан сапасының өзгеруі. Жас ұлғайған сайын қан қоюлана түседі. Қан қоюланған сайын, оған тамыр бойымен ағу қиындайды. Қанның қоюлануына қант диабеті және аутоиммунді ауытқулар сияқты аурулар себеп болуы мүмкін.
Қан тамырларының икемділігінің төмендеуі. Бұған дұрыс тамақтанбау, денеге көп күш түсіру, белгілі бір дәрілік препараттар алып келуі ықтимал.
Қанда «нашар» холестериннің артуының салдарынан атеросклероз түйіндерінің пайда болуы.
Гормондардың әсерінен қан тамылары саңылауларының күрт өзгеруі.
Эндокринді бездердің дұрыс жұмыс істемеуі.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы