Канададағы мешітке өткен жылы да «шабуыл» жасалған

Кеше ғана Канадада орын алған қанды оқиға туралы хабар әлемге тарап үлгерді. Қазірге дейін белгілі болғандай Квебек қаласындағы Ислам мәдени орталығындағы мешітте шам намазын оқып жатқан жамағатқа үш қарулы адам оқ жаудырған, осының кесірінен 5 адам қаза тауып, 8 адам жараланған.

                              20170130105738987    20170130105851277

Полиция екі күдіктіні қолға түсірген, алайда олар туралы қазірге дейін нақты мәлімет таратқан жоқ. АҚШ «Фокус жаңадықтар сайтының» хабарлауынша теракты де АК-47 мылтығы қолданылған. Бұнымен қатар ғаламтор бетінде «Reuter News Break» атымен хабар таратқан әлдебір адам  күдіктінің біреуі Канада нәсілшілдер ұйымы  «Moral reforming movement»  қозғалысының мүшесі  Davis Aurini екендігін «әшкерелеген». Алайда  «heavy.com» сайты бұл хабардың жалған екендігін айтып отыр. Қазір «Reuter News Break» -тың  аккаунты ашылмай тұр.

20170130142041548

Оқиға орын алған мешітте өткен жылы рамазан айында, белгісіз біреу жылтыр полиэитлен жарғағымен оралған шошқаның басын қойып кеткен екен. «Сауғаның» сыртына  француз тілінде «ас болсын» деген жазу қалдырған, бұл әрекет жергілікті мұсылмандардың ашуын қозғаған.

20170130133232545

Қанды оқиғадан бір күн бұрын Канаданың Премер-министрі АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Трамптың «мұсылмандарға шектеу салу» туралы бұйрығына қарсы пікір білдіріп, «соғыстан бой тасалап қашып шыққан босқындардың діни сенімдеріне қарамастан Канаданың оларды қарсы алатындығын» мәлімдеген еді.

«ЕлАна» ақпарат