Қандай ғажап әйел!

Бір әйелден: «Бұл өмірде сенен басқа әйел жоқтай, күйеуің не үшін сені соншалық жақсы көреді? Алайда дүниеде сенен де сұлу әйелдер бар ғой?» деп сұрапты.

Сонда ол әйел: «Дұрыс айтасыз, бәлкім мен сондай ғажап, сүйкімді де, көрікті емес шығармын. Бірақ мен күйеуім ашуланса сабыр сақтаймын, оны кешіре білемін. Үйге ренішті түрде келсе, оны тыңдаймын, айтқанын орындаймын. Есепсіз сыйлық беріп жатса, мақтауын жеткіземін. Аз берсе, қанағат етемін. Раббым Алла маған солай үйретті. Кең пейілділіктен қол үзіп кетпеймін, бас июден жасқанбаймын. Тікенек терсем де, раушан гүл егуді тоқтатпаймын»,-деп жауап беріпті.

 

Дайындаған Х. Аманқұлов