ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ

Өңірде қант қызылшасын еккен 70-ке жуық шаруа қожалығы өнім жинауды бастады.
Жалпы 215,0 мың тоннадан астам өнім жиналуы тиіс.
“Меркі қант зауыты” өлшеу, қабылдау жұмыстарын жүйеге келтірді. Тасымалдау шығындары жөніндегі мәселе шаруалардың қатысуымен алдын-ала шешілді.

Облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтің ұсынысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі жылдың бағасын өткен аптада жариялады.
2023 жылы баға 40,0 мың теңге тоннасына болады. Қант зауыттары 15,0 мың теңге төлесе, мемлекеттік қолдау 25,0 мың теңгеге жетеді.

Осылайша тәтті түбір алқабын 10,0 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Тәжірибесі бар ірі шаруашылықтар әр гектардан 800 центнерге дейін өнім жинайтын жаңа технологияларды қолданады.
Қант зауыттары жұмысты дұрыс ұйымдастырып отырған барлық шаруалардың 65-70 пайызын тұқыммен қамтамасыз етеді.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары