Қаңтар оқиғасына қатысқандарға амнистия жасалады: Сенат заңды қабылдады

Заңға сәйкес, 1,5 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігеді. Яғни, теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін азайту көзделген.

Амнистия террористерге, рецидивистерге, адамды азаптағандарға, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға, мемлекетке опасыздық жасағандарға қолданылмайды.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы