ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Ауа райына байланысты қар тазалау жұмыстарын арнайы өз бақылауыма алып, шалғайдағы елдімекендерді араладым.
Бүгінде аудан аумағында қар тазалау шаралары қарқынды жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар нысандар мектеп, аурухана және орталық көшелер мен аяқ жолдарды қардан тазалау жұмыстарына аса мән беріліп отыр. Бұл бағытта қосымша жұмыс күшін тартып, арнайы техникалар жұмылдырылды.
Қар тазалау жұмыстарын бақылау барысында жауаптыларға шалғайдағы елді мекендердің көшелерін қардан тазалау жұмыстарына аудан орталығындағы көшелері секілді басымдық беруді тапсырдым.
Айта кетейік, ауданда 49 елдімекенде 263 шақырымды құрайтын 272 көше бар. Республикалық мәндегі жол 58,1 шақырымды құраса облыстық мәндегі жолдар 132, ал аудандық маңызы бар жолдар 108,12 шақырымды құрайды.
Қар тазалау жұмыстарына республикалық мәндегі автомобиль жолына «Казавтожол» мекемесінің 6 техникасы жұмылдырылуда. Ал облыстық, аудандық мәндегі жолдарда 13 арнайы техника тиісті жұмыстарын атқаруда. Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтердегі ауылішілік көшелерге 15 техника жұмылдырылып қар тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысшылар тәулік бойы тазалық шараларын кестеге сәйкес жүргізіп, көлік қозғалысы мен халықтың жүріп-тұруына оңтайлы жағдай жасауда.
Оған қоса, инертті материалдар (құм,тұз) себілуде. Жалпы 8-12 желтоқсан аралығында жолда қалған азаматтар жоқ. Қазіргі таңда ахуал тұрақты.
Аудан тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуларыңызды сұранамыз.