Қар жауып, үсік жүреді: 22 сәуірде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың айтуынша, түнде еліміздің шығыс аймағында, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында топырақ беті қатып, ауа температурасы 1°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың әсерінен жылжыған фронтальды бөліктерге байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Сәйкесінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде.Қазақстан аумағы бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
https://baq.kz/qar-zhauyp-usik-zhuredi-22-sauirde-aua-rayy-qanday-bolady-200012147/?fbclid=IwY2xjawJzkHhleHRuA2FlbQIxMQABHvv4cVzkRIjRDUnIsBFSGbVpTWN1oDGuW3ugrv3G2GdhmrG4z3hFE9qb5xbs_aem_cV6svva4i0F47zRnfLkkKg