ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ Соғыс ардагерлері 3 млн теңгеден алады
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан
тоғыз ардагер 3 млн теңгеден біржолғы жәрдемақы алады. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 3 240 ардагер
тұрады, олардың 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық
басталды. Міндет – ешкім де назардан тыс қалмауы тиіс.
Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмектің
сомасы белгілі болды. Ұлы Отан соғысына қатысушылар
3 млн теңгеден алады. Сондай-ақ жеңілдіктер бойынша
ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге – концлагерьлер
тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың
теңгеден, ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің
жесірлері мен әйелдеріне 50 мың теңгеден төлемдер қарастырылған. Сонымен қатар, мерейтойлық медальдар
тапсырылады. Жастар ұйымдары еріктілерінің қатысуымен «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына
арналған патриоттық іс-шаралар: сынып сағаттары, ерлік
сабақтары, конкурстар жоспарланған. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.
Әдеттегідей онлайн-форматта өмірден озған батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін «Ер есімі – ел
есінде» акциясы өткізіледі. Жеңіс күніне орай облыста
171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші қалыпқа келтіріледі