Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қазақ тілін білмейтін шенеуніктерді өткір сынға алды
Ерлан Қошанов негiзi ел тiзгiнiн мықты ұстаған басшы! Осындай ұлтжанды азаматтар көп болса, осындай дүбәра күйге түспейтiн едiк. Алайда, осы игi бастама басқа облыс әкiмдерiне үлкен сабақ болуы керек.
Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қазақ тілін білмейтін шенеуніктерді өткір сынға алды. Ол қазақша білмейтін әріптестері үшін қыңжылатынын жеткізді. «Осыдан бір жыл бұрын облыс әкімі болып келгенімде қазақша білмеген менің әріптестерім, әлі күнге дейін тілді меңгере алмай отыр», — деп қадап айтты. Осылай деп ашық мәлімдеме жасаған Қошанов алғашқы облыс басшысы. Естеріңізде болса, бұдан бұрынғы әкімдер не деп еді? Бір әріптесім бір жиында: «қазақша неге сөйлемейсіңдер?» дегенде, сондағы облыс әкімі: «әлі білмейді. оған енді уақыт керек»-деп жалтақтаған еді. Ерлан Жақанұлы үйтпеді, нақты талап қойды.