ҚАРАХАН ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ТЕҢГЕЛЕР

Қарахан мемлекетінің дәуірлеген тұсында (X-XIII ғасырлардың басы) Баласағұн, Орда, Тараз, Барысхан, Испиджаб, Фараб, Бодықкентте монета сарайлары теңге шығарған.
Тараз қаласынан табылған теңгелер қазынасы 900, 600, 500 күмістен жасалған, өлшемдері 23-26 мм, диаметрі- 45 мм. 10-11 ғасырлармен мерзімделген. Тараз қаласынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған монеталар 1958 жылдан бері музейде сақталып келеді.
Коллекция бірнеше күміс монеталардан тұрады, олар екі жағында жазулармен (араб жазуымен) жазылып, жұқа дөңгелек етіп жасалған. Монеталардағы жазуларда негізінен Қарахан мемлекетінің билеушілерінің аты-жөні көрсетілген. Олардың ішінде 11 ғасырдың басында билік құрған Ахмад ибн Али (Ахмад ибн Әли) қаған, Әл-Мәлік әл-Музаффар Быра хан-Хакан және т.б.
Көрмеде ежелгі Тараздағы қазба жұмыстары кезінде табылған Қытайдан шыққан тиындар да қойылған. Қытайдың Тан әулетінен әкелінген монеталар – қоладан жасалған, ортасында төртбұрышты тесігі бар және «қолданыстағы монета» деп аударылатын төрт таңбасы бар, 7-8 ғасырларға жатады. Тарихшылардың айтуынша, ол заманда мұндай тиындар тапшы болған, сондықтан түргеш билеушілері өз өндірісін құрған.
Жалпы монеталар жартылай сақталған, тотыққан, кейбірінің жиектері ұсақталған, үзілген, жартылай өшірілген жазулар бар.
Осылайша, қазба жұмыстары кезінде табылған теңгелер қазыналары орта ғасырларда Тараздың өз теңге сарайының болғанын және билеушілердің атынан теңге соғылғанын көрсетеді. Бұл Тараздың түсті металлургияның орталығы болғанымен де түсіндірілді.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі