Қарақияда алты отбасыға пәтер кілті табысталды
Баспанасыз жандарға бір күнде қуаныш сыйлап, үй алып берген атымтай жомарт ата салтымыздың ақ жолымен жүрген қайырымды жандардың бірі — «Оғланды-Бекет ата» қоғамдық қорынының төрағасы Тұрғанбай Сәулеұлы.
Баспаналы болған тұрғындар да бар ықылас-пейілімен алғыстарын айтты. Сонымен қатар аудан, ауыл әкімшілігінің азаматтарына ризашылық жеткізіп, қуаныштан көз жастарын тия алмады.
— Біздің тұрмыстық жағдайымызды елеп — ескеріп, жаңа қоныс алып беріп, қуаныш сыйлап жатыр. «Оғланды-Бекет ата» қоғамдық қорынының төрағасына рахмет. Барша атсалысқан азаматтарғада алғысымыз шексіз, бала — шағасының қызығын көрсін, — дейді баспаналы болған тұрғын.
Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі.