Қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі

Қазіргі таңда қолданыстағы заңнамаларға қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау мәселелері бекітілген.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сот үкімінің заңды күшіне енуі,  немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тәртіптік жазаға тартуға негіз болып табылады.  

Осы орайда, заңнама талаптарын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент тарапынан аталған мәселеге қатысты тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 10 басшы лауазымдағы қызметкер бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 – құқық қорғау органдарының, 1 – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің,                 1 – жергілікті атқарушы органдарының басшылары.

Қолданылған тәртіптік жазалардың түрлері бойынша: «атқаратын лауазымынан босату»3, «мемлекеттік лауазымын төмендету» — 1, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» — 2, «қатаң сөгіс» — 3, «сөгіс» — 1.

Аталған бағыттағы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Жамбыл облысы бойынша департаменті