КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨКПЕ АУРУЫ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Жарияланған карантин жағдайында, әсіресе таза ауасыз, үйде ұзақ уақыт тұруға мәжбүр, өкпе ауруы бар адамдарға қиын тиеді.Мұндай жағдайда не істеу керек және қалай аурудың асқынуының алдын алуға болатыны жөнінде арнайы жадынаманы естен шығармаған жөн. Сондықтан назарларыңызға тыныс алу жолдары ауруының асқынуына тосқауыл болатын бірнеше қарапайым қағидаларды ұсынып отырмын.
Үй-жайды жиі желдету
Үй-жайлардағы ластанған ауа өкпе ауруынан зардап шегетін адамдарға жағымсыз әсер етеді. Табиғи желдетуді қамтамасыз ету үшін әрбір 2 сағат сайын үй-жайды кемінде 30 минут желдету қажет. Үйде температураны 19°C-ден 22°C-ге дейін ұстау керек. Әсіресе, қарт адамдар мен балалар бар кезде өтпелі желдетуден аулақ болу керек.
Сондай-ақжылтыратуқұралдары мен лак-бояуматериалдары, ауатазартқышсияқтыкүшті химия өнімдерінпайдалануданаулақ болу қажет, өйткеніолартынысалужолдарыныңтітіркенуінтуғызып, ауру симптомдарыныңнашарлауынаәкелуімүмкін.
Темекі шегуден бас тарту
Темекі шегу өкпе аурулары дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады және өкпе альвеолының қалыпты қызметінің тез бұзылуына ықпал етеді. Шегетін сигареттің санын қысқартып қана қоймай, темекі шегуден толық бас тарту қажет. Ғылыми зерттеу нәтижелері темекі шегуден бас тартқан кезде тыныс алу функциясының жақсаратынын, өкпе аурулары симптомдарының күшеюі мен асқыну жиілігінің бәсеңдейтінін, өкпе обырының даму қаупі төмендейтінін, жұқпалы ауруларға төзімділігінің артатынын көрсетті.
Тұрақты дене шынықтыру жаттығулары және тыныс алу гимнастикасы
Егер сіз дене белсенділігін сақтасаңыз, өкпеңіз бен бұлшық еттеріңіз жақсы жұмыс істейтін болады, соншалықты қызметтік қабілеті артып, сіздің денсаулығыңыз жақсара түседі. Сондай-ақ белсенді болу көп жұмыс жасағанда ентігуді азайтуға, аяқтың шаршауын бәсеңдетуге, қайратты болуды арттыруға, бұлшық еттер мен иммундық жүйені нығайтуға, сонымен қатар өзін-өзі бағалауға және көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.
Гигиена
Үй-жайды үнемі ылғалды тазалау шаңдануды азайтуға көмектеседі, ауаның ылғалдылығын арттырады. Арнайы қауіпсіз дезинфекциялау құралдарын қосу ауру тудыратын микробтарды жоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жеке гигиенаны сақтаңыз – тамақ ішер алдында, көздің, ауыздың, мұрынның шырышты қабығына қол тигізер алдында, дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу керек.
Диета
Дұрыс тамақтану сіздің күнделікті өміріңіздің бір бөлігіне айналғаны маңызды. Тамақтану рационына көптеген жемістер мен көкөністерді қосуға тырысыңыз. Дәрігерлер жақсы көңіл-күйде күніне 3-4 рет тамақ ішуді ұсынады. Көңіл-күй нашар болған кезде аз мөлшерде 5-6 рет жеңіл тамақ ішу керек.
Тағайындалғанемдісақтаңыз
Созылмалы өкпе ауруы бар көптеген адамдар өкпе қызметін жақсартатын ингаляциялық препараттар қабылдайды. Оларды уақытында және дұрыс пайдалануды ұмытпаңыз. Көңіл-күй нашарлаған жағдайда дәрігерді үйге шақырыңыз.
Бибігүл Бекібаева, ҚР «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы»
ШЖҚ РМК инфекциялық емес аурудың алдын алу бөлімінің басшысы