КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ 730 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ
Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Амангелді Халмұратов мәлімдеді.
Облыс көлемінде індетке қарсы Полиция және әскери бөлім қызметкерлері бірлесіп күшейтілген түрде қызмет атқаруда.
Қызмет атқару барысында Маңғыстау облысы аумағында карантин режимін бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476 бабымен 730 хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Сот шешімімен 158 тұлғаға ескерту, 68 тұлғаға айыппұл салынып, 47 тұлғаға әр түрлі мерзімде әкімшілік қамауға алынды, 1 іс қысқартылып, 456 әкімшілік істің шешімі қабылданбаған.
«Бүкіл әлемде таралып жатқан індетінің алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтап, орнатылған шектеулерге түсіністікпен қарауыңызды сұраймын», — деді Амангелді Халмұратов.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ