КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН САҚТАУ- ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ «COVID-19»

КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН САҚТАУ- ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты аудандық соттың ғимаратында карантиндік шаралар енгізілген. Осыған байланысты сот істері онлайн режимде қаралуы жалғасуда.

Ғимаратта белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жиі жүргізіледі. Карантин шараларының мерзімі мен режимі «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Қазіргі кездегі еліміздегі карантиндік режим біршама жеңілдегенімен, әлі де болса, қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенімізді ұмытпаған жөн. Сол себептен, аудандық сотқа келіп түскен істерді онлайн режимінде, яғни қашықтықтан қарау өз жалғасын тауып жатыр.

Сонымен қатар, қай іс болмасын тараптар шалғай ауылдар мен басқа облыстардан смартфон арқылы сот отырысына онлайн режимде қатысып жатқаны тағы бар. «TrueConf» және «Whatsapp» мобильдік қосымшаларын бірдей қолдана отырып, істерді «онлайн режимде» қарау мүмкіндігі болып жатыр.

Бұл бойынша аудандық соттың төрағасы М.Үркімбаев «Онлайн отырыстар тиімді, қолайлы және уақыт жағынан ұтымды» екендігін айтты.

Сарысу ауданы