КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА МАҢҒЫСТАУ АУМАҒЫНДА ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?
Бұл сұраққа қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев жауап берді.
- Жедел жәрдем, полиция, авариялық-құтқару және өзге де коммуналдық (жылу, газбен қамту, су және энергиямен жабдықтау, тазалық, қоқыс жинау) қызметтердің, интернет байланысы мекемелерінің көліктеріне;
- Стратегиялық нысандардың көліктеріне;
- Сауда нүктелеріне азық-түлік және тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жеткізуші, дәріханаларға дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды тасымалдаушыарнайы жасақталған көліктерге(рұқсат қағазы болуы қажет);
- Карантин режимін қамтамасыз етуші мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай қызметтерінің, арнайы органдар мен әскери ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасының қызметтік көліктеріне(мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, журналистерге (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);
- КСК қызметінің көліктеріне (саны 15-тен көп емес, арнайы әкімдіктің тізім бойынша);
- Эвакуатор және почта қызметінің көліктеріне (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);
- Күзет агенттіктерінің арнайы көліктері;
- Өнеркәсіптік жүк тасымалдаушы көліктер мен құрылыс материалдарын тасушы көліктерге (кедергісіз қозғалу);
- Ресми тіркелген такси қызметіне(сағ. 06:00 – 21:00 аралығында)
(Рұқсат етілген ресми таксилер туралы ақпарат пен тел нөмірлерін қала, аудан әкімдіктерінен алуға болады. Әлеуметтік желілердегі есми парақшаларынан да оқып, таныса аласыздар).
ЕСКЕРТУ:
- Басқа жағдайларда облыс тұрғындарына жеке және қызметтік көліктерімен сағат 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында ғана жүруге рұқсат етіледі;
- Жұмыс істейтіндер өздерімен бірге жеке куәлігін, көлік құжаттарын және облыстық әкімдік ұсынған үлгі бойынша жұмыс орнынан берілген анықтаманы алып жүруі тиіс;
- Ал, үйде отырған тұрғындар жеке көлігімен шыққанда жеке куәлігі мен көліктің құжаттарын ұмытпауы тиіс;
- Маңғыстау облысында қоғамдық көліктердің (автобустардың) қозғалысы тоқтатылды;
- Тек қана Мұнайлы ауданынан Ақтауға қатынайтын қоғамдық көліктерге 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында ғана жүруге рұқсат берілді.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ
КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ