«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ 69 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 188 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН
Биыл ауыл шаруашығылығы саласында 562,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 343,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек мәлімдеді. Қанатбек Қайшыбекұлының айтуынша, ағымдағы жылы 756,2 мың гектарға дақылдар орналастырылып, жоспар өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға артық орындалған.
❗️ — Масақты дәнді дақылдардан жалпы өнімі 633,4 тоннаны құрады. Мемлекеттің қолдауының нәтижесінде алдағы жылы қант қызылшасы алқабын 10 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы мал саны 4,4 млн. басқа артып, ет өндірісі де ұлғайды. Биыл бұл салада 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 179 азамат жұмыспен қамтылды, — деді Қанатбек Мәдібек.
©️©️©️
✅ Брифинг барысында облыс аумағында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің
жұмысы да сөз болды. Спикер өз сөзінде өңірде 87 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде әрі онда 130 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 69 млрд. теңгеге 188 жоба қаржыландырылған. Сонымен қатар, биыл ветеринариялық іс-шараларға 1,94 млрд. теңге бөлініпті. Малдың саны 4,4 млн. басты құрап, облысымыз республика бойынша Түркістан өңірінен кейінгі екінші орынға жайғасқан. Бұдан бөлек, бүгінде туризм саласының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан облысқа 100 мыңға жуық турист келсе, оның ішінде 1,5 адам шетел азаматтары.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қазанында көне Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізіліп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы статусына ие болды.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі