ҚАРАТАУЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында футболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Қаратау және Жаңатас қалаларында орналасқан “АҚ-Қаратау” бірлестігінің бас директорлары Шеин Анатолий Иванович пен Недагон Александр Васильевичты еске алуға арналған республикалық турнирі өткен-ді.
Тартысқа толы бәсекеде Шүленбай Асхат жаттықтыратын қаратаулық жасөспірім ала доп шеберлері жеңімпаз атанса, екінші орынды Тараз қаласынан келген құрама иеленді, ал үздік үштікті Шымкенттік команда түйіндеді.
️Айта кетейік, чемпиондық атақты 8 құрама сарапқа салған болатын.

Талас ауданы әкімдігі