Карина қоланы қанағат тұтты

Бразилиядағы байрақты бәсеке жалғасуда. Қазақстандық спортсүйер қауым Рио уақытымен жүруге бекінген. Түн ұйқысын төрт бөліп, отандастарына тілеулес болып отырғандардың қарасы көп. Қуанышымызға орай осыдан бірнеше минут бұрын ғана ел қоржынына  кезекті жүлде түсті.

карина1Десе де алтынды да, рекордты да күткен Карина Горичеваның қола медаль алуға ғана күші жетті. 63 келі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде де, серпе көтеруде де жерлесіміз өз мүмкіндігін толық пайдалана алмады. Қос сайыс нәтижесінде 243 келіні (111+132=243) бағындырып, қолаға қол жеткізді. Ал, үш дүркін әлем чемпионы қытайлық Дэн Бей 2015 жылы Хьюстондағы рекордын қайта жаңартып, алтыннан алқа тақты. Бұл жолғы жетістігі – 115+147=262. Сондай-ақ, жұлқа көтеруде Солтүстік Кореяның аруы Чхве Хе Сим 105 келіні бағыныдырып, Каринадан едәуір қалып қойған еді. Бірақ, қысық көз корей қызы серпе көтерудің шебері екен. 143 келіні серпіле көтергенде күмістен айырылғанымызға анық көзіміз жетті.

13989430_668992403257665_1004585811_n

Сонымен, ел қоржынында дзюдошылар мен ауыр атлеттер алып берген 4 медаль (бір күміс пен үш қола) бар. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 29 орынға тұрақтады.

 Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

«ЕлАна»