Каринадан алтынмен қоса рекорд күтеміз!

Кеше қытай ауыр атлеті екі дүркін әлем чемпионы (2013,2015) Чэнь Лицзюнь жарақат алмағанда, Фархад Харкиге жүлде жоқ еді. Екінші орын алған индонезиялық Эко Ираванның өзіне жеті келі қалып қойды. Бұл тәп-тәуір алшақтық.

photo_59257

Бүгін Сергей Седовтың шәкірті Карина Горичева шығады. Жарақаттан ада болса, толқынысын баса білсе «рекорд» қоятын, жүлде алатын шамасы бар.

Оның соңғы көтергендері — 120+141-261 келі (Қазақстан чемпионаты. Талдықорған. 2016 жыл). Ни жанкүйерлерге сол кезде сары қызды толық таныстырды. Бұл қызға төртінші мүмкіндік берейік, бірақ есепке алмаймыз 145 келіні көтерсін деп еді, әлгі қыз саспай барып, жаңағы үшінші кезегінде көтере алмаған зілтемірді серпе көтерген. Ал аузыңды аш! Бұл сәтте Майя Манеза 110+137-247 келімен артта қалып қойған.

Егер 23 жастағы Горичева дәл осыны көтерсе: серпеден әлемдік рекорд ресейлік Светлана Царукаеваның 117 келісін және Олимпиада рекордын толық жаңартады (Анна Батюшко, Беларуссия, жұлқа — 115 келі, 2004 жыл; Наталья Скакун, Украина, серпе — 135 келі, 2004 жыл; Майя Манеза, Қазақстан, жалпы есеп — 245 келі). 2008 және 2012 жылы жаңармаған жұлқа мен серпе көтеру жарысында бүгін «сұмдық шайқас» болады. Есіңізде ме, Алматыдағы әлем чемпионаты?!. Серпеде Беджанян 239 келі — рекорд, оның артынша Нұридинов 240 келі көтеріп жаңартса, нүктесін 242 келімен Ильин қойып еді. Дәл сол сияқты қызық болады деп отырмыз.

Горичеваның көзірі — жұлқа. Сол сайыстан көбірек үміт етемін.
Хьюстондағы Әлем чемпионатында 112+131-243 келі көтерген. Қола жүлдегер, төртінші және бесінші орындағы Горичеваның жалпы есебі бірдей, тек дене салмақтары есепке алынып, жүлде солай берілген еді.

Басты қарсыластар:
— Үш мәрте әлем чемпионы қытай қызы — Дэн Бей. Бей соңғы Хьюстандағы әлем чемпионатында 146 келіні көтеріп, серпеден әлемдік рекорд қойған. (113+146-259 келі, Хьюстон. 2015 жыл).
— Азия чемпионаты мен ойындарының жеңімпазы тайвандық Лин Цуз Чи. Цуз Чи Инчхондағы жалпы көрсеткіш бойынша әлемдік рекордқа ие! (261 келі). (105+133-238, Хьюстон. 2015 жыл).
— Солтүстік кореялық Чхве Хе Сим. Соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. (104+139-243 келі, Хьюстон. 2015 жыл).
— Лондон Олимпиадасында 58 келіде сынға түскен украин қызы Юлия Калинаның допингпен ұсталып, қоласын алған тайланд Раттикан Гульони бар. (58 келі салмақта жұлқада 95 келіні көтере алмай жарыстан шығып қалған. Хьюстон. 2015 жыл).
Бұл қатарға колубмиялық Мерседесті де қосып қояйық.

Жарақат алмасын, елімізге жүлде алып келсе екен деген тілек…

Сағат 00:30-да «Қазақстан» арнасынан тамашалауды ұмытпаңыздар!

Серік ҚАНТАЕВ