ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ
«AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы ретінде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер Мамыралиев Рахымжан ақсақалдың үйіне партия аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева барып, қарттың жағдайын сұрап, әңгімелесіп қайтты.
Соғыс ардагерінің үйіне ауыл әкімі Унетаев Н.ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары жасалды. Үйдің сыртқы қабырғалары әктеліп, сыртқы қоршау сырланып, ауласы тазартылып, арамшөптерді жұлынып, ағаштар отырғызылды. 99 жастағы ақсақалды партия атынан келе жатқан мерекесімен құттықтап, азық- түлік себетін тарту еттім.
Мамыралиев Рахымжан, 1925 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл колхозында дүниеге келген. 1942 жылы қаңтар айында Жамбыл аудандық әскери комисарияттан соғысқа аттанған. Приморск өлкесін, Ворошилов қаласын азат етуге қатысқан. Жапон соғысына қатысып, Манчжурияда, Корея Республикасының Сеул қаласында болған. Соғыс біткен кезде Кореяда болған. Әскери атағы сержант, орудия командирі болған. Елге 1951 жылы 11 қараша айында оралып, 1953 –ші жылдан 1962 жылға дейін «Ақкөл» колхозында есеп бөлімінің бастығы, Жамбыл ауданының «Бірлесу-Еңбек » колхозында 2-жыл жұмыс істеген. 1966-1971 жылы Аса ауылында, 1971-1985 жылы Фрунзе колхозында сүт қабылдайтын бөлімінде жұмыс атқарған. 1985 жылы шығады. «Еңбек Қызыл ту», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жеңістің» 40,50 жылдағы Қарулы күштеріне 70 жыл, «Еңбек ардагері» медальдарымен «Соғыс ардагері» белгісімен марапатталған.
Тұрмыстық жағдайы: 7 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, 23 немере, 29 шөбере сүйген. Үлкен қызы Рая 1952 жылғы, Шымкент қаласында тұрады, «Тау» фирмасында технолог қызметін атқарады. Ұлы Мұхтар 1953 жылғы, Алматы қаласында жеке кәсіпкер болып жұмыс атқарады. Қызы Фатима 1959 жылғы, Тараз қаласында ЖШС «Тау» корпорациясында есепші қызметін атқарады.Ұлы Сапар 1966 жылғы, жұмыссыз,әкесімен бірге Жетібай ауылы Т.Нұралиева көшесі №23 үйде тұрады.